Еріткіштер — әр түрлі заттарды ерітіп ерітінділер түзуге қабілетті химиялық қосылыстар, жеке органикалық қосылыстар немесе олардың қоспалары.
Еріткіштер деп, әдетте, сұйық күйдегі құрамдас бөлікті, ал құрамдас бөліктердің барлығы сұйық болса, онда концентрациясы жоғары бөлікті айтады. Еріткіштерді еріткіштер және еріткіштер деп екі топқа бөледі. Маңызды бейорганикалық еріткіштерге су, ал органикалық еріткіштерге спирт, эфир, кетондар және олардың қосылыстары жатады. Органикалық еріткіштердің көбісі өте , болады. Сонымен қатар еріткіштерді және полюссіз, төмен және жоғары температурада қайнайтын, т.б. деп ажыратады. Техникалық мақсат үшін пайдаланылатын еріткіштердің тығыздығы, тұтқырлығы, улылығы, т.б. сипаттамалары маңызды. Еріткіштердің аталған сипаттамаларын арттыру үшін, көбінесе, басқа еріткіштермен қоспа түрінде пайдаланады. Еріткіштерді химиялық реакция жүргізетін орта ретінде пайдаланудың маңызы зор. Еріткіштер әрекеттесетін молекулалар арасында (көп реакциялар тек еріткіштерде жүреді) байланыс тудырып, гомогенді орта түзіп қана қоймай, хим. реакциялардың тепе-теңдік константасы мен жылдамдығына әсер етеді. Органикалық еріткіштер бояу, жасанды талшық, желім, т.б. заттар өндіруде қолданылады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б.
- Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер