Ерғали Есжанов (1864, Атырау облысы Теңіз ауданы (қазіргі Құрманғазы ауданы) – 1949, сонда) – домбырашы, күйші, Құрманғазының шәкірті.
Ауыл мектебінде мұсылманша білім алғаннан кейін, Ерғали Есжанов Астрахан гимназиясында оқыды. Алайда, оқуды күнкөріс қамына байланысты бітіре алмай, Астраханда балық кәсіпшілігінде жұмыс істеді. Құрманғазыны таныстырып, сол арқылы оның бостандыққа шығуына көмектеседі. Түрмеден қашқан Құрманғазыны үйіне паналатып, одан бірқатар күйлер үйренеді. Ал Құрманғазының түрмеде бірге бас сауғалаған досы қалмақ Саранжапты еліне жеткізуге қол ұшын берді. Құрманғазы Ерғалиға достықтың белгісі ретінде өз домбырасын сыйлаған. Есжанов ол домбыраны 1941 жылы түбінде ұрысып жатырған сүйікті немересі, әрі шәкірті Ізбайырдың артынан барғанда ала барып, жауынгерлерге күй шерткен.
Күйші Маңғыстау өңірінде (1905–1907 жылдары) болып, «Маңғыстау», «Бозашы» күйлерін шығарған. Оның «Қоштасу» күйі екі бірдей ержеткен ұлының қазасына арналған. Ерғали Есжанов мұралары кейінгі ұрпаққа оның шәкірттері (Ғ.Қайрошев, Ә.Бекешов) арқылы жетті.
Дереккөздер
- «Маңғыстау энциклопедиясы»,249-бет
- «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер