Есбай Балұстаұлы, Тазбала (1842, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сарыкөл көлінің маңы, — 1910, сонда) — күйші, композитор.
Әкесі Балұста он саусағынан өнер тамған зергер, дәулескер домбырашы болған. Байұлы тайпасының Есентемір руынан шыққан.
11 жасында әке-шешесінен жетім қалған Есбайды атасы Ерназар қолына алады. Баланың ерекше дарыны мен талабын байқаған атасы батасын беріп, ел аралап күй тартуға рұқсат етеді. Халық арасына “Тазбала” деген есімімен белгілі болған Есбай Еділ — Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз бойын, Маңғыстау мен Үстірт алабын, Орынбор, Саратов, Самара,Астрахан қалаларын аралап күй тартып, көптің алғысына бөленген. Белгілі күйші Абыл Тарақұлы Есбайға ерекше ықпал еткен. Абылды ол өзіне ұстаз тұтқан.
Есбайдың “Өтті-кетті”, “Жалды қара”, "” күйлері эпикалық серпін, филосиялық толғанысқа толы болса, “Балықшы кемпір”, “Шажда қыз” — өз замандастарының бейнесінен, ал “Бөгелек”, “Сарыалқа” күйлері табиғат көріністерінен сыр шертеді.
Есбайдың күйшілігін А.В. Затаевич аса жоғары бағалаған. Есбай күйлерін біздің заманға жеткізген маңғыстаулық домбырашылар Назар, Арал, Сәулебай, Қисық, Кәуен (Жұмағали) және кейінгі Л. Мұхитов, М. Өскенбаев, С. , Ш. , Б. , С. , І. Шыртанов, т.б.
Дереккөздер
- «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
- Кітап - Т.Біләлұлы, Ы.Сүйінұлы. Есентемір Байұлы.
- «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
- Қазақ энциклопедиясы, III том, 12 тарау
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер