Ефрейтор (нем. Gefreiter, [ɡəˈfʁaɪ̯tɐ]) — германиялық, аустриялық, швейцариялық әскери атақ, көбінесе екінші дәрежелі, сарбаздан жоғары кіші сержанттан кіші болады. XVI ғасырда пайда болған, Ресей империясында, кейінірек КСРО, Ресейде және кейбір посткеңестік елдерде де қолданылады.
Тарихы
Немістілді елдерде
Gefreiter (әйелдерге, бірнеше адамға Gefreite термині қолданылады) әскери шені XVI ғасырдағы Еуропада жаяу әскерін сипаттау үшін пайда болған. Бұл әскери шен көбінесе ұстаған Германия және Швейцария және оларды қолдайтын жаяу әскерге берілетін. Бұл сарбаздардың ең тәжірибелі және сенуге лайықтылары gefreyten Knechten (босатылған сарбаз) шеніне жоғарыланатын, арпалыс жерінің маңызды нүктелеріне қойылатын.
XVIII ғасырдан бастап Gefreit деп әскери ротаның бірінші қатарындағы мүшелерін атады және әрбір Gefreiter Gemeinның бөлімшесін басқарды. Ефрейтор әскери шені атты, жаяу әскерлер, және артиллерия қатарында болған, бұрынғы «ефрейторлықпен» салыстырғанда жоғарырақ болды.Gefreiter 1918 жылға дейін Корольдік және тиісінше Германия империясы императорлық армиясының құрамындағы офицерден төмен болған жалғыз әскери шен болды. Олардың арасындағы ең тәжірибелілері (капитан), не дың ұсынысымен және Regiments-Commandeur (полковник) шешімімен жоғарыла алатын (1859 жылдан бері ні санамағанда). Пруссия корольдік әскері мен Германия империялық әскерінде ефрейторлар Unteroffizier (Капрал) орынбасарларының қызметін орындайтын.
Отыз жылдық соғыс соғысындағы Аустрия әскерінде ефрейтормен қатар Gefreite-Korporale шені болған.
1920 жылдардан бері Германияда ефрейтор шені түрлі қызметтері бар бірнеше шенге бөлініп қалған. Олар: Obergefreiter (1859 жылдан бері Пруссия әскеріндегі екінші капрал, аға ефрейтор), Hauptgefreiter (1935–1944 жылдары , 1938–1945 жылдары және 1955 жылдан бері кіші ефрейтор), Stabsgefreiter (1927 жылдан бері , 1945 жылдан Кригсмариненің және 1944 жылдан Люфтваффеның штаб ефрейторы) және Oberstabsgefreiter (1940 жылдан Люфтваффеның және 1996 жылдан Хээрдың аға штаб ефрейторы). Ефрейтордың барлық шендері де Германия жаяу, теңіз және әуе әскерінің барлығында да әлі қолданыста.
Ресейде
Ресейде ефрейтор әскери шені 1716 жылы күшке енген I Пётрдің бұйрығымен Ресей империясының жаяу, атты және инженерлік әскерлерінде пайда болды. Дегенмен, атақ сіңісіп кете алмады және кем дегенде 1722 жылдан бері қолданылмай қалды.
I Павел билігі жылдарында әскерде ефрейторға аналог бола алатын жоғарғы ақша алымының қатардағы сарбазы (орыс. рядовой старшего оклада), ол I Александрдың билікке келген кезінде тек ғана қолданылды.
1826 жылғы әскери реформа нәтижесінде ефрейтор шені әскерге қайта құрылды, артиллерияда ол қылып аталса, қалыпсыз әскерде (казактарда) приказный болды.
1918 жылғы ақпаннан ефрейтор шені де, солдат (сарбаз) атаулары да «контрреволюциялық» болғандығынан ыдыратылды.
ефрейтор шені 1940 жылы қалпына келтірілді. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және үлгілі әскери тәртіп үшін берілетін. Погондардағы бір жолақпен көрсетілген. КСРО (содан кейін ) қарулы күштерінде ефрейтор — жоғары және кіші сержанттан төмен әскери атақ, қатардағыларға жатады. оның аналогы болды.
Қазақстанда
1991 жылы орын алған КСРО ыдырауынан кейін ыдыратылды, 1992 жылғы 7 мамырында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылды, кеңестік әскери терминдердің көпшілігі, соның ішінде әскери шендер атауларының үлкен бөлігі өзгермеген. Ефрейтор бен кіші сержант арасындағы әскери шен болуын жалғастырды.
Аустрия
Ефрейтор | |||||
нем. Gefreiter | |||||
| |||||
Қысқартылуы | Gfr | ||||
---|---|---|---|---|---|
Мемлекеті | |||||
Дәреже тобы | Chargen | ||||
НАТО-ға кірмейтін дәрежесі | OR-2 | ||||
Жоғары шен |
| ||||
Кіші шен |
|
Ефрейтор (нем. Gefreiter, қысқартылуы Gfr) — құрамындағы әскери шендердің бірі. Ағылшынша ресми түрде (Lance corporal) деп аударылады.
Аустрия-Мажарстан әскері
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODBMelF6TDBkbFpuSmxhWFJsY2w5a1pYSmZheTUxTG1zdVgwbHVabUZ1ZEdWeWFXVXVjRzVuTHpFeU1IQjRMVWRsWm5KbGFYUmxjbDlrWlhKZmF5NTFMbXN1WDBsdVptRnVkR1Z5YVdVdWNHNW4ucG5n.png)
(1867–1918) Ефрейтор (маж. Őrvezetö) шені Патруль басшысы (Patrouilleführer) мен Vormeister атақтарының арасында болған.
- Ефрейтор киім үлгісі
- IR 7
- IR 25
- IR 33
- IR 37
- IR 41
- IR 50
- IR 62
- IR 69
- IR 77
- IR 87
- IR 92
- IR 99
- IR 101
Германия
Ефрейтор | |||||
нем. Gefreiter | |||||
| |||||
Қысқартылуы | Gefr. | ||||
---|---|---|---|---|---|
Мемлекеті | |||||
Әскер түрі |
| ||||
Дәрежесі | Қатардағы сарбаздар | ||||
НАТО дәрежесі | OR-2 | ||||
НАТО-ға кірмейтін дәрежесі | E-2 | ||||
Жоғары шен |
| ||||
Кіші шен |
Бундесвер
Ефрейтор (нем. Gefreiter, [ɡəˈfraɪ̯tɐ], қысқартылуы Gefr., G.) — Бундесвердің әскері, әуе және теңіз күштеріндегі екінші қатардағы әскери шен. НАТО рейтингтік жүйесіне сәйкес, Ефрейтор OR-2-ге теңестіріледі, , бірінші дәрежелі қатардағы сарбаз, , не шендеріне тең. жалақы дәрежелеуінде ефрейтор шені A4-орында орналасқан.
Вермахт
Корольдік Пруссия армиясы, Германия империясының Императорлық армиясы, және Вермахт жылдарында Ефрейтор шені кіші капрал шеніне тең деп саналды. Қолбасшылық қасиеттері бар сарбаздар Ефрейтор болып жоғарланса, бұл ерекшелігі жоқтар Oberschütze болатын.
Тарихтағы ең белгілі гефрайтер деп көбіне Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бавариялық әскердің ефрейторы болған Адольф Гитлерді атайды.
« ефрейтор» Гитлердің әскери басшылығына наразы болған неміс генералдарының (Герд фон Рундштедт мен сияқты олардың көпшілігі пруссиялық ақсүйектер болатын) Екінші дүниежүзілік соғыста Адольф Гитлерге жеке қолданған кемсіту лақабы. Рундштедт соғыс кезінде және соғыстан кейін жиі «Гитлердің келісімінсіз мен тіпті өз күзетшімді алдыңғы есіктен артқа қарай жылжыта алмайтын болдым!» деп айтатын. Бірде Вильгельм Кейтель Гитлерден: «Рундштедт сізді богемиялық ефрейтор деп атағанын білесіз бе?» деп сұрағанда Гитлер: «Иә, бірақ ол мендегі ең жақсы фельдмаршал» деп жауап берді. Фон Рундштедт 1930 жылдары Бірінші дүниежүзілік соғыстың батыры, Пауль фон Гинденбургтен алған dieser böhmische Gefreiter терминін қолданды. Алғашқы кездесуінде Гитлерді ұнатпай қалған Гинденбург Гитлердің Аустриядағы Браунау-ам-Инн (Braunau) туған қаласын Чехословакиядағы аттас басқа қаламен (, нем. Braunau) шатастырды да, оны «ана богемиялық ефрейтор» деп атайтын болды, себебі славян богемиялықтарды ол мәдениетті пруссиялықтар мен аустриялықтарға қарағанда төмен, «сығандардай» көрді.
SS- | Матрозе | ||
SS- | |||
SS- | Ефрейтор | Матроссен-ефрейтор | |
SS- | |||
Аналогы жоқ | Хаупт-ефрейтор | Матрозенхаупт-ефрейтор | |
Аналогы жоқ | |||
Аналогы жоқ |
Қазақстан
Ефрейтор | |||||
| |||||
Мемлекеті | |||||
---|---|---|---|---|---|
Әскер түрі | |||||
Жоғары шен |
| ||||
Кіші шен |
Ефрейтор сөзі қазақ тіліне орыс тілінен келген, орыс тіліне ефрейтор (Орысша айтылуы: ) сөзі неміс тілінің Gefreiter әскери атағынан бастау алған.
Ефрейтор атағының қазақстандық нұсқасы өзінің ресейлік аналогына өте ұқсас: екеуі де кіші сержант шенінен төмен, шенінен жоғары. Қазақстанда ефрейтор шені армияның үш түрінде де бар: , Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғаныс күштері, Әскери-теңіз күштердегі ефрейтордан төменгі шен деп аталады.
- ефрейтор айырмашылық белгісі
- Әскери-теңіз күштеріндегі ефрейтор айырмашылық белгісі
- Әуе қорғаныс күштеріндегі ефрейтор айырмашылық белгісі
Ресей
Ефрейтор | |||||
орыс. Ефрейтор | |||||
| |||||
Мемлекеті | |||||
---|---|---|---|---|---|
Әскер түрі |
| ||||
НАТО-ға кірмейтін дәрежесі | OR-4 | ||||
Жоғары шен | |||||
Кіші шен |
|
Ефрейтор (орыс. Ефрейтор, Орысша айтылуы: ) — орыс тіліндегі неміс кірме сөзі, немістің Gefreiterына ұқсас шенді сипаттауға қолданылатын термин. Кеңес Одағының (кейінірек Ресей Федерациясының) Қарулы Күштерінде ефрейтор — жеке құрамның ең жоғары атағы. НАТО жүйесіне сәйкес бұл дәрежені OR-4-пен салыстыруға болады.
Айырмашылық белгілері
- Ресей империялық армиясы
- 3-Смоленск Лансьерлері полкіндегі ефрейтордың
(1908) - Ресей империялық армиясындағы ефрейтордың иық белгісі
(1917 жылға дейін) - Ресей полкіндегі ефрейтордың иық белгісі
(1914)
- Қызыл армия (ҚА) мен Кеңестік Қарулы Күштер (КҚК)
- ефрейторының петлицасы
ҚА (1940−1943) - ефрейторының иық белгісі
ҚА (1943−1955) және КҚК (1946−1955) - Ефрейтор
КҚК жаяу әскері - , әуе қорғанысы және , Әуе-десант әскерінің ефрейторы
КҚК (1955−1963)
- Ресей Қарулы Күштері
- , не OR-3 дәрежелі -ефрейторы
(1994–2010) - Ефрейтор қызметтік униформасы
мен
(1994−2010) - барлық түрлеріндегі ефрейтордың далалық униформасы
(1994—2010) - ефрейтордың қызметтік униформасы
(2010−) - ефрейтордың қызметтік униформасы
(2010−) - барлық түрлеріндегі ефрейтордың далалық униформасы
(2010—)
Өзге мемлекеттер
- ԵՖՐԵՅՏՈՐ
Эфрэйтор
() - Яфрэйтар
() - Ефрейтор
() - Ефрейтор
() - Ефрейтор
Efreytor
()
Дереккөздер
- Gefreite (нем.). Duden. Тексерілді, 20 қараша 2023.
- Landsknecht (нем.). Duden. Тексерілді, 20 қараша 2023.
- Ersch, Johann Samuel және Gruber, Johann Gottfried Gefreiter (нем.). (1852).
- Richards, John Landsknecht Soldier 1486–1560 — Osprey, 2002. — .
- Lünig, Johann Christian Corpus Juris Militaris Des Heiliges Römisches Reich — 1723. — Б. 2-бөлімі.
- Carruthers, Bob Hitler's Violent Youth: How Trench Warfare and Street Fighting Moulded Hitler — Pen and Sword, 2015. — .
- Gemeine (нем.). Duden. Тексерілді, 20 қараша 2023.
- Carruthers, Bob Революция и гражданская война в России: 1917—1923 гг. Энциклопедия в 4 томах. — Pen and Sword, 2008. — Б. 129—560. — 100,000 таралым. — .
- Bundeswehr (нем.). Бундесвердің ресми сайты. Тексерілді, 20 қараша 2023.
- Korporal (нем.). Duden. Тексерілді, 20 қараша 2023.
- НАТО STANAG 2116 NATO (6th ed.) — 2010. — Б. D-1.
- ԶԻՆՎՈՐԱԿԱՆ ԾԱՌԱՅՈՒԹՅԱՆ ԵՎ ԶԻՆԾԱՌԱՅՈՂԻ ԿԱՐԳԱՎԻՃԱԿԻ ՄԱՍԻՆ (арм) (15 қараша 2017). Тексерілді, 3 маусым 2021.
- Указ Президента Республики Беларусь от 21.07.2009 N 388 "О военной форме одежды, знаках различия по воинским званиям и внесении дополнений в Указ Президента Республики Беларусь от 9 июня 2006 г. N 383" (орыс.). . Тексерілді, 30 мамыр 2021.
- ЗАКОН ЗА ОТБРАНАТА И ВЪОРЪЖЕНИТЕ СИЛИ НА РЕПУБЛИКА БЪЛГАРИЯ (болг.) (12 мамыр 2009). Тексерілді, 25 мамыр 2021.
- Кыргыз Республикасынын жарандарынын жалпыга бирдей аскердик милдети жөнүндө, аскердик жана альтернативдик кызматтар жөнүндө (қырғ.). (9 ақпан 2009). Тексерілді, 3 маусым 2021.
- ҚОНУНИ ҶУМҲУРИИ ТОҶИКИСТОН ДАР БОРАИ ЎҲДАДОРИИ УМУМИИ ҲАРБӢ ВА ХИЗМАТИ ҲАРБӢ (тәж.). Тәжікстан Ұлттық Кеңесі (13 сәуір 2017). Тексерілді, 2 маусым 2021.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер