Еңбекақы — жұмыс берушiнің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай берілетін төлем немесе сыйақы. Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін. Алайда кей жағдайларда қызметкерлер еңбекақыны клиенттерден сыйлық ретінде тікелей алуы мүмкін. Cалыстыратын болсақ, жалақы қызметкерге жұмыс істеген сағатына қарамастан белгілі бір уақыт (мысалы апта немесе ай) сайын берілетін тұрақты төлем.
Пайда болуы
Еңбекақы жұмыс уақыт бірлігіне (немесе орындалған әр тапсырмаға) байланысты төленеді. Жұмыс күні – осындай уақыт бірліктерінің ең алғашқы түрі болып табылады. Жұмыс уақытының бірнеше бөлікке бөлінуі бастаған кезі сағаттың ойлап табылуы уақытына дөп келді. Сондықтан, қазіргі таңда сағаттық төлем еңбекақының кең таралған түрі болып табылады. Еңбекақы Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде төленген.
Маңызды бөліктері
ақша мен жұмысқа кеткен уақытты байланыстыруды талап етеді. Осыған орай Мозес Финлейдің The Ancient Economy кітабында ойын білдіреді. Оның ойынша, үшін екі қиын тұжырымдамалық қадам керек. Біріншіден, ол еңбекті адамнан және оның жұмысының өнімінен абстракциялануды талап етеді. Егер біреу шеберден бір зат сатып алса, ол оның еңбегін емес – өнімін сатып алады. Алайда, біреуді жалдаса, ол абстракцияны – жұмыс күшін сатып алады. Екіншіден, жүйесі сатып алынған еңбекті өлшеу әдісін талап етеді. Әдетте бұл екінші абстракция – жұмыс уақыты арқылы жүзеге асырылады.
Еңбекақы мөлшерін анықтайтын факторлар
Әлемдегі экономиканың құрылымына сәйкес, еңбекақы мөлшеріне нарық күштері (сұраныс және ұсыныс), заңнамалар және дәстүрлер әсер етеді. Мысалы, АҚШ-та нарық күштері басым түссе, Жапонияда әлеуметтік құрылымы және маңызды рөл атқарады.
Еңбекақы айырмашылықтары
Зерттеулердің айтуынша, нарық күштері басым елдердің өзінде де еңбекақы мөлшері нәсіл мен жынысқа байланысты өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Мысалы, АҚШ Еңбек Статистика Бюросының айтуынша, 2007 жылы әйелдер еңбекақысы еркектердің орташа еңбекақысының 80%-ын құраған. Сол сияқты, азиялық еркектер ақ нәсілді еркектерден 16%-ға және қара нәсілді еркекетерден 36%-ға көбірек тапқан. Бұл мәліметтер орташа мәндермен салыстырылған және жұмыстың түріне, мөшеріне және сапасына орай түзетілмеген.
Дереккөздер
- Thompson, E. P. (1967). "Time, Work-Discipline, and Industrial Capitalism". Past and Present 38: 56–97. :10.1093/past/38.1.56. 649749.
- Dohrn-van Rossum Gerhard,, History of the hour: Clocks and modern temporal orders — Chicago: University of Chicago Press, 1996. — .
- Finley Moses I. The ancient economy — Berkeley: University of California Press, 1973. — .
- Finley Moses I. The ancient economy — Berkeley: University of California Press, 1973. — P. 65. — .
- [1] – Education 2020 Homeschool console, Vocabulary Assignment, definition entry for "wage rate" (may require login to view)
- U.S. Bureau of Labor Statistics. "Earnings of Women and Men by Race and Ethnicity, 2007" Accessed June 29, 2012
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер