Жалаңаштық — еш киім киілмеген, жалаңаш дененің қалпы, көрінісі. бізге жалаңаштанған денені бейнелейтін (еркек пен әйелдікі) көптеген өнер туындылары жетті. Бірақ әртүрлі мәдениеттерде әдемілік идеалы туралы пікірлер әртүрлі болған. Кейбір мәдениеттерде жалаңаштық сөгіске ұшырайды.
Әртүрлі мәдениеттерде жалаңаштық әркелкі таралып, бағаланады. Қоғамдардың басым көпшілігінде ең кем дегенде дененің бір бөлігін жауып жүру дәстүрлі нормаға жатады. Бірақ бұл норманың түсінігі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Жалаңаштықпен жыныстың бастапқы немесе екінші дәрежелі белгілеріне жататын және мәдениет, заман, әлеуметтік жағдайға байланысты көрінетін сезімі байланысты. Яномама тайпасы сияқты жабайы тайпаларға өзін киінген сезіну үшін бел тұсындағы бір жолақ мата жеткілікті. Сонымен қатар толық жалаңаштық мүлдем сөгілмейтін халықтар бар. Оның қарсысы — кейбір қатаң мұсылман мәдениеттерде әйел денесі толығымен жабылу керек. Батыс әлемінде ұят деңгейі бір мәдениеттен екінші мәдениетке ауысып тұруы мүмкін. Мысалға америкалықтар адамдар көзіне жалаңаштанумен қатар ішкі киіммен жүруді де ұят деп санайды да, медициналық процедураның кезінде де халатпен жамылуы мүмкін, ал көптеген скандинавтар толық жалаңаштықтан ұялмайды.
Тағы қараңыз
![]() | Бұл — Сексология туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер