Жалтыркөл – Жайық алабындағы көл.
Жалтыркөл | |
Морфометрия | |
---|---|
Өлшемі | 5,1 × 2,3 км |
Ауданы | 10,3 км² |
Су алабы | |
Құятын өзен | Бұлдырты |
Орналасуы | |
49°48′14″ с. е. 52°35′22″ ш. б. / 49.80389° с. е. 52.58944° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°48′14″ с. е. 52°35′22″ ш. б. / 49.80389° с. е. 52.58944° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Батыс Қазақстан облысы |
Аудан | Сырым ауданы |
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерінде. Жайықтың сол аңғарында, Бұлдырты өзенінің сағасында, теңіз деңгейінен 9 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 10,3 км2, ұзындығы 5,1 км, енді жері 2,3 км. Ертеректе іргелес жатқан Айдар, Жанғабылсор және Есентемір көлдерімен тұтас айдын құраған. Жауын-шашын және Бұлдырты өзенінің суымен толысады. Тамыз айынан бастап деңгейі күрт төмендейді. Жағасы жайпақ, шығысы батпақты, батыс бөлігі көтеріңкі кемерлі келеді. Желтоқсан – наурыз айлары аралығында мұзы қатады. Суы тұзды. Көктемде мал ішуге жарамды. Алабы шабындық, жайылым ретінде пайдаланылады.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер