Жауғаш Қырбасұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1733 ж. |
Қайтыс болғаны: | 1782 ж. |
Ұлты: | қазақ |
Мансабы: | Қазақ батыры |
Жауғаш Қырбасұлы
Жауғаш Қырбасұлы (1733, Алматы облысы Қарасай ауданы — 1782, Жамбыл облысы Меркі ауданы) — Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші. Ұлы жүз құрамындағы ботбай руының Қоралас аталығынан шыққан. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, “” деп атаған. 1733 жылы күзде қазақтар жеңіске жетіп, жоңғарлар қашқан Аюлы, Арқарлы тауларындағы шайқас кезінде туғандықтан әуелгі қойылған есімі екен, анасы еркелетіп, Жауғаш атанып кеткен. Әкесі 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарлармен болған бірқатар шайқастарға қатысқан, Аңырақай шайқасында ботбай қолын басқарған әскерінде мыңбасы болған. Жауғаш 15 жасында атқа қонып, қасындағы , сияқты серіктерімен ел еркіндігі жолында Алатаудан Арқаға барып, Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылған. Жауғаш 1751 — 1753 жылдары Абылай ханның бірнеше тапсырмаларын тиянақты орындап, сенімді серіктерінің біріне айналды. 1754 — 1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. 1756 жылы қытайлармен болған шайқаста Абылай хан жараланып, Жауғаш ұрыс болып жатқан жерден ханды аман алып шығып, құтқарып қалады. Бұқар жырау жырларында Абылай хан “Іздесем де табылмас, Жауғашжан, сендей құбаша ұл” деп мадақтаған Жауғаш батыр осы. Ол Қытаймен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де болған. Сол жылы (1756) қытай генералы өз қолына түскен Жауғаш батырды Абылай ханмен келісім жасауға жібереді. Жауғаш батыр 1771 — 1774 жылдары қырғыздармен қақтығыстардың аяқталуына ат салысқан. Қырғыз мен баласы ара түсіп, Абылай ханның кескен өлім жазасынан аман алып қалып, қазақ-қырғыз арасындағы бауырластықтың сақталуына үлес қосқан. Абылай ханның өмірінің соңына дейін жанында болып, айнымайтын тірегі саналған Жауғаш батырға хан аманат етіп тапсырған, жоңғарларға қарсы соғыстарда көтерген қасиетті жеңіс туы батырдың ұрпақтарының қолында күні бүгінге дейін сақтаулы. Денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде, дәліздің Ақсарай жағына, Абылай ханның қасына жерленген. Қазіргі Жамбыл облысы Меркі ауданы Жауғаш батыр есімі берілген.
Ол — білімді мәмілегер, Қазақ хандығының 1756-58 жылдардағы Қытаймен келісімге келуіне, 1770-1774 жылдардағы қырғыздармен қақтығысының нөтижелі аяқталуына ерекше еңбек сіңіреді. Абылай ханның арнайы шақыруымен Жауғаш жетпісінші жылдардың аяғында қайтадан Арқаға барады. Хан ордасын Түркістанға көшіргенде Тілеуберді, Бүрге батырлармен бірге соның қорғаушысы болады. Жауғаш қандай жағдай болса да сөзіне берік, досқа адал, әділ кісі болған. Өздерімен соғысқан дүшпаны Садырдың бір баласын ертедегі достығы үшін өлтіртпей, ханнан өтініп сүрап алуы соның айғағы. Оның досқа адалдығын Абылай хан да жоғары бағалайды. Жауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер