Жақсыбек Құрманбеов (1 қаңтар, 1945 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданында туған) — актер. Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері (2000). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (1975 жылдан).
Жақсыбек Құрманбеков | |||
Жалпы мағлұмат | |||
---|---|---|---|
Туған күні | |||
Туған жері | |||
Азаматтығы | |||
Мамандығы | |||
Белсенді жылдары | 1973 жылдан | ||
Марапаттары |
|
Толығырақ
- Жақсыбек Құрманбеков 1945 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.
- 1969 -1973 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген.
- 1973-1975 жылдары Торғай облыстық қазақ музыкалық драма театрында еңбек етті.
- 1975 жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
Сахнадағы негізгі рөлдері
О.Бодықов «Отырар ертең қирайды»-Қолбасшы, Қ.Ысқақ « Апа-апатай» – Шал, Қ.Жетпісбаев « Алтыатар» -Доғал, М.Хасенов «Қайсар» – шахтер, «Пай пай, жас жұбайлар ай!» – Қасым, Т.Ахтанов «Әке мен бала» -Хулиган, М.Әуезов «Алуа» – Ораз, Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» , «Ақан сері – Ақтоқты» – Жылкелді, О.Бөкей «Жау тылындағы бала» – Жомарт, «Қар қызы» – жендеттер, Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» – 1-ші Чекис, Т.Минниуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Ғалым, «Алау жалды арғымақ» -Данко, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – етікші шал, М.Әуезов «Ай Қарагөз» – Жабай, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Кроссворд шешкіш, Т.Ахтанов «АНТ» – Сейітқұл және т.б көптеген бейнелерді жасады.
Мемлекеттік марапаттары
- 2000 жылы Қазақстан Мәдениет министрлігінің "Қазақстанның мәдениет қайраткері" құрметті белгісімен марапатталды.
- 2009 жылы "Ерен Еңбегі үшін" мемелекеттік медалімен марапатталған.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер