Жақсы Жалғызтау — Есіл алабындағы тұщы көл.
Жақсы Жалғызтау | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 358 м |
Өлшемі | 8,8 × 8 км |
Ауданы | 43,2 км² |
Көлемі | 368 млн. км³ |
Тереңдігі | 14,5 м |
Орташа тереңдігі | 10,3 м |
Шығатын өзен | Аққанбұрлық |
Орналасуы | |
52°37′00″ с. е. 68°10′30″ ш. б. / 52.61667° с. е. 68.17500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°37′00″ с. е. 68°10′30″ ш. б. / 52.61667° с. е. 68.17500° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Солтүстік Қазақстан облысы |
Аудан | Айыртау ауданы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Көкшетау қыратының батыс жағында, Жақсы Жалғызтаудың солтүстігінде теңіз деңгейінен 358 м жоғары орналасқан.
Гидрографикасы
Ұзындығы 8,8 км, ені 8 км, орташа тереңдігі 10,3 м, аумағы 43,2 км2. Cуының көлемі 368 млн. м3. Су беті ашық, солтүстік-батыс жағалау бойымен онша жалпақ емес (50 метрге дейін) қамыс шоғыры созылған. Түбі тығыз, құмды-қиыршық тасты. Жауын-шашын және жер асты суымен толысады. Қараша -сәуір айлары аралығында мұз қатады. Көлге Қарасу өзені тек көктемде және жаздың басында ғана құяды. Су деңгейі көтерілгенде көлдің ағысы жасанды жер бөгетімен реттеледі. Деңгейдің көпжылжық ауытқуы 2 метрге жуық. Cуы таза, тұщы, зиянды қоспа араласпаған. Жақсы Жалғызтау көлі Ақмола облысы шекарасында, табиғаты әсем жерде орналасқан, оңтүстік батыс жағын шоқылар қоршаған. Көл суы мал азық дақылдарының егістігін, жайылымды суландыруға пайдаланылады. Көлде алабұға, торта, тарғақ, шортан, сазан, тұқы, көксерке, аққайран, лақа балықтары және зоопланктон мен бентос өкілдері де бар. Су құстары үшін де қолайлы мекен.
Дереккөздер
- Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. – 704 б.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер