Жаңабай Құдайбергенұлы (1865, бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезі, Қырғызсай ауылы — 12 мамыр 1916, Қырғызстан, Қарақол) — 1916 жылғы Қарқара көтерілісі басшыларының бірі, би, шешен.
Албан тайпасынан шыққан. Анасы ел арасында белгілі шипагер болған. Жаңабай бітірген. саудагердің қолында қызмет ете жүріп, онымен бірге көп жерлерді аралаған. Араб, орыс, қытай, моңғол тілдерін меңгерген. Жаркент мешітін салуға үлес қосқан.
1893 жылы Тоғызбұлақта (қазіргі Ұйғыр ауданында) қазақ-орыс мектебін ашқан. Жамбыл, Тоқтоғұлмен етене араласып, Тұтқа, Көгілдір, Шынар, ақындармен сөз жарыстырып, шешендігімен көзге түскен. 1913 жылы Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толуына арналған Санкт-Петербургтегі салтанатқа Жетісу өкілдерімен бірге барып, -нің қабылдауында болған.
1916 жылғы Жетісу өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалысқа белсене қатысып, өз руы қоңырбөріктерді қаруландырып, Қарқара көтерілісшілері қатарына қосқан. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін, Жаңабай Қарақол (Қырғызстан) абақтысына қамалып, сонда серіктерімен бірге атылған.
Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы — Шонжыдағы қазақ орта мектебіне, орталық көшеге Жаңабай есімі беріліп, ескерткіш орнатылған.
Дереккөздер
- Алмабеков Т. Албан ата энциклопедиялық шежіре. // [1] — Алматы, 2003. — 1352 б. — .
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер