Жаңаөмір — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы ауыл, Шаған ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Жаңаөмір | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 51°03′36″ с. е. 51°34′00″ ш. б. / 51.06000° с. е. 51.56667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°03′36″ с. е. 51°34′00″ ш. б. / 51.06000° с. е. 51.56667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Бұрынғы атаулары | Коммуна, 2020 дейін — Новая Жизнь |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 3044 адам (2009) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 07 |
Жаңаөмір шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы - Теректі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде, Барбастау өзенінің жағалауында, бетеге, боз, т.б. әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен қоңыр, карбонатты қызғылт-қоңыр топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2556 адам (1246 ер адам және 1310 әйел адам) болса, 2009 жылы 3044 адамды (1470 ер адам және 1574 әйел адам) құрады.
Тарихы
1954-97 жылдары «Шаған» астық кеңшарының орталығы болған. Оның негізіңде Жаңаөмірде және округке қарасты Бекет және Кемер ауылдарында 1 серіктестік, 29 шаруа қожалығы құрылған.
Инфрақұрылымы
Орта, орталау мекгептер, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Ауыл көшелері
- 8 наурыз (8 март) көшесі
- Абай көшесі
- Азаттық (Киров) көшесі
- Ақбидай (Куйбышев) көшесі
- Ақжайық (Октябрьская) көшесі
- Арман (Коммунаров) көшесі
- Атамекен (50 лет Октября) көшесі
- Бейбітшілік (Ленин) көшесі
- Болашақ (Школьная) көшесі
- Бостандық (Целинная) көшесі
- Достық (Советская) көшесі
- Жағалау (Степная) көшесі
- Жібек жолы (25 лет Целины) көшесі
- Қарағайлы (Лесхоз) көшесі
- М. Әуезов көшесі
- М. Мәметова көшесі
- Сарайшық (60 лет Октября) көшесі
- Серуен (Парковая) көшесі
- Тәуелсіздік (Набережная) көшесі
- Ұлы Дала (Новая Жизнь) көшесі
- Шұғыла (Чапаев) көшесі
- Ю. Гагарин көшесі
Дереккөздер
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер