Жаңа Қаратон – Атырау облысы Жылыой ауданындағы мұнайшылар кенті, Жаңа Қаратон кенттік әкімдігі орталығы, аудан орталығы Құлсары қаласынан 12 шақырым жерде. Аумағы 8973 га.
Кент | |
Жаңа Қаратон | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Ауданы | |
Кенттік әкімдігі | |
Әкімі | Сансызбай Кеңесұлы Баймұратов |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 46°55′59″ с. е. 53°52′17″ ш. б. / 46.93306° с. е. 53.87139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°55′59″ с. е. 53°52′17″ ш. б. / 46.93306° с. е. 53.87139° ш. б. (G) (O) (Я) |
Кент статусы | 2000 |
Климаты | қатаң континенталды |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲6966 адам (2021) |
Этнохороним | жаңақаратондық, жаңақаратондықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7 +7 71237 |
Пошта индексі | 060106 |
Автомобиль коды | 06 |
Басқалары | |
Әкімдіктің мекенжайы | Жаңа Қаратон кенті, Ержанов көшесі, №62 |
Жаңа Қаратон шекарасы |
Тарихы
Қаратон мұнайшылар қалашығын Теңіз кеніші маңынан қауіпсіз аймаққа көшіруге байланысты 2000 жылы құрылды.
1993-1995 жылдар аралығында чехословак құрылысшылары екі қабатты 63 коттедж үй салып, пайдалануға берілді. Бұл үйлерге, Қаратон елді мекенінде тұратын көпбалалы отбасылар көшірілді.
1999-2000 жыл аралығында "Қазақойл-Ембі" АҚ қаражат бөліп, 622 тұрғын үй салынып, Қаратон елді мекенінің тұрғындары түгел көшірілді.
2000 жылы облыс әкімінің шешіміне сәйкес Жаңа Қаратон поселке болып құрылды.
2002 жылы "Қазақойл-Ембі" АҚ 90 үй құрылысын салып, бұл үйлерге Сарықамыс поселкесінің тұрғындары көшірілді. 2004 жылы поселкеде Сарықамыс және Кеңарал елді мекен тұрғындарына арнап тұрғын үйлер құрылысы басталды..
Халқы
1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|
584 | ▲6038 | ▲6966 |
Климаты
Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Солтүстігінде -14°С, кейде -30°С дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +30-31°С аралығында. Кент көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Кент аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырымен жорғалаушылардың үлесі басым. Кездесетін негізгі жануарлар: қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, күзен, т.б.
Әлеуметтік және мәдени нысандары
- №22 орта мектеп — бұрынғы №8 мектеп, Қаратон поселкесінде 1947 ж. бастауыш мектеп, кейін 7 жылдық болды. 1999 жылы Жаңа Қаратон ауылындағы мектеп №22 орта мектепке айналды.
- №23 орта мектеп
- «Шапағат» бөбекжай бақшасы
- «Балдырған» бөбекжай бақшасы
- №4 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2017 жылы ашылды.
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік
Кентте 32 дүкен, 4 тойхана, 2 дәріхана, 2 шаштараз, пошта бөлімшесі, көлік жуу стансасы, ағаш шеберханасы және төсем тас шығаратын цех жұмыс жасайды. Кент көлемінде 4 шаруа қожалығы бар. Аталған қожалықтарда және жеке тұрғындарда барлығы 1107 ірі қара, 1318 қой-ешкі, 295 түйе, 154 жылқы, 133 құс бар.
Діни ұйымдар қызметі
- Нұрқас-Сатыбалды мешіті — Мешіт құрылысы 2004 жылы басталып, 2006 жылы ашылды. Мешіт ғимаратының жалпы алаңы 278,3м2, жер учаскісінің жалпы алаңы 0,612 га, мұнараның жалпы алаңы 7,5м2. 2 қабатты, биіктігі 6,15 м, төбесі плита, сыртқы қабырғасы ракуша тастан салынған.
Дереккөздер
- Жылыой жылнамасы. Энциклопедиялық жинақ - Алматы: Өлке , 2008,
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- https://atyrau.kaztrk.kz/kz/news/sport/zhylyoida-ush-sport-kesheni-ashyldy(қолжетпейтін сілтеме) Жылыойда үш спорт кешені ашылды
- https://www.kapan-kazhi-meshiti.kz/194-nras-satybaldy-mesht.html 9 қазанның 2021 жылы. «НҰРҚАС-САТЫБАЛДЫ» МЕШІТІ
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер