Желдіқара – Тарбағатай жотасының солтүстігінде орналасқан оқшау тау.
Желдіқара тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | Төменгі кембрий |
Ұзындығы | 12 км |
Ені | 7 км |
Биіктігі | 1804 м |
Орналасуы | |
47°43′01″ с. е. 81°44′20″ ш. б. / 47.71694° с. е. 81.73889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°43′01″ с. е. 81°44′20″ ш. б. / 47.71694° с. е. 81.73889° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Абай облысы Ақсуат ауданында орын тепкен. Бұғаз және Базар өзендерінің аралығында жатыр. Тарбағатай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде. Үштөбе елді мекеніне жақын орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1804 м. Ұзындығы 12 км, енді жері 7 км. Солтүстік беткейі көлбеу келген. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс беткейлері жарқабақты, құзды. Солтүстік-батысынан Базар өзенінің саласы бастау алады.
Геологиялық құрылымы
Төменгі кембрийдің гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі
Тауалды бозғылт топырағында бұта аралас сұр жусанды өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер