Жетпісбай Рахымбайұлы Қадыр (20.12.1941, Жамбыл облысы Шу ауданы - 21.4.1999, Алматы, туған ауылына жерленді) -режиссер, Қазақстанның халық артисі (1998). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1963, А.Л. Мадиевский мей А.Тоқпановтың класы бойынша) және Мәскеудің Театр өнері институтының жоғарғы режиссура курсын (1970, Ю.А. Завадскийдің класы бойынша) бітірген.
Еңбек жолы
Жетпісбай режиссура өнер жолын 1963 ж. Шымқент облыстық драма театрында бастады. 1964 - 65 ж. қазіргі Атырау облыстық драма театрында, 1965 - 66 ж. қазіргі Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, 1966 - 73 ж. Қазақ академиялық драма театрында, 1976 - 87 ж. бас режиссер, 1995 - 99 ж. Астана қаласындағы музыкалық драма театрында көркемдік жетекші қызметтерін атқарды. 1984 - 1996 ж. қазіргі дәріс берді.
Еңбектері
Оның қойған айтулы спектакльдері қатарында: "Халқым туралы аңыз", Ш.Құсайыновтың "Күн шуақта", "Қилы-қилы тағдырлар", С.Жүнісовтің "Ажар мен ажал", "Оліара", О.Бөкейдің "Құлыным менің", А.Б. Вальехоның "Одиссейдің азабы", А.Сүлейменов "Кек", У.Шекспирдің "Юлий Цезарь", т.б. бар. Сонымен қатар Ақмола облыстық орыс драма театрында Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуын", Семей облысы орыс драма театры мен Қостанай облыстық драма театрында Бөкеевтің "Құлыным менің", Ұйғыр музыкалық драма театрында Мүсіреповтің "Қыз Жібегін", Ақтөбе облыстық орыс драма театрында М.Әуезовтің "Хан Кене", т.б. спектакльдер, 1987 ж. "Түрксіб" (С.Жармұхамедовпен бірге) фильмін қойды. Жетпісбай - бірнеше драмалық шығармалардың ("Алтыатар", "Алаяқтар", "Тойдан кейін") авторы.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |