Жетіжол – Іле Алатауының батысындағы жота.
Жетіжол | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі | |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы | 85 км |
Ені | 25 км |
Ең биік шыңы | [[(Суықтөбе) тауы]] |
Биіктігі | 3273 м |
Орналасуы | |
43°04′53″ с. е. 75°33′24″ ш. б. / 43.08139° с. е. 75.55667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°04′53″ с. е. 75°33′24″ ш. б. / 43.08139° с. е. 75.55667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | |
| |
|
Географиялық орны
Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде орналасқан. Сілемнің батысы Кіндіктас жотасына ұласады. Шығысында Іле Алатауынан Қастек асуы және Қарақастек өзені арқылы бөлініп жатыр. Абсолюттік биіктігі 3273 м ((Суықтөбе) тауы), ұзындығы 85 км, енді жері 25 км.
Геологиялық құрылымы мен жер бедері
Негізінен тас көмір кезеңінің кристалдық тақтатасынан, гнейстен, кейбір тұсында жер бетіне шығып жатқан гранитоидтардан түзілген. Жер бедері орта таулық, жалдары тегістелген, беткейлері тік, сай-жыралармен тілімденген.
Су торабы
Іле мен Шу өзендерінің суайрығы саналатын жотаның баурайынан Ырғайты, Жанысай, Жіңішке, Ешкілі, Жиренайғыр, Жаманты, т.б. өзендер бастау алады.
Климаты, өсімідігі
Жетіжолда бірнеше ландшафттық-климаттық белдеулік байқалады. Тауалдының далалық қоңыр топырақты белдеуінде (800 – 1400 м) бидайық, тарғақ шөп, бозшағыл, т.б. шөптесіндер өседі. 1400 – 2600 м биіктіктегі шалғынды қара топырақты жерлерінде орман сирек кездеседі, үстіртті-жонды белдеуінде (2600 м-ден биікте) доңызот, самалдық, байғұт, субальпілік шалғын өскен. Жетіжолдың баурайы мал жайылымына пайдаланылады.
Дереккөздер
- "Қазақ энциклопедиясы"
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер