Жетімдер — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы қоңырат тайпасының көтенші бұтағынан таратылады. Ел аузындағы аңыз бойынша, Жетімдер деп әуелде әкесіз өскен Сұркиік деген жетім баладан тараған Сары, Жаппас, Құба, Тебей ұрпақтары ғана аталған. Кейін бұл атау сапар тобына біріккен руластарына да ауысқан. Сары Жетімдер, 19 ғ-дағы қазақ тарихшыларының жазуына қарағанда, көне саржетім руының бір сілемі. Бұл этноним арғын тайпасының құрамына — саржетім, жалайырға — жетімек, алшынға — саржетім, тамаға — жетімсары түрінде енген. Қоңыратқа жататын Жетімдердің сапар тобындағы Қатаған аталығы да, С.Жүсіпұлының жазуынша, кезінде болған осы аттас байырғы тайпадан жеткен. Қатаған тайпасы 16 — 17 ғ-лардағы әр түрлі аласапырандардан ыдырап, нәубетке ұшырап, аман қалғаны өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ құрамына сіңген. Сондай-ақ, Сары Жетімдер тобындағы Ырсымбет, Жәдік аталары қарақалпақтың қытай руы құрамында да бір-біріне туыс қауымдар ретінде белгілі. Осы деректер бір жағынан Жетімдер руының түрлі кезеңдерді басынан өткізе жүріп қалыптасқан бірлестік екенін де байқатады. Ұраны — Алатау, таңбасы — босаға.
Тұлғалар
Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер