Жетісу қақпасы, Жоңғар қақпасы — батысында Жетісу Алатауы (Жоңғар Алатауы) , шығысында және жоталарының аралығындағы тауаралық ойыс, табиғи өткел. Ол Балқаш-Алакөл ойысын Ебінұр көлі арқылы Жоңғар жазығымен жалғастырады.
- Абсолют биіктігі 300 — 400 м, ұзындығы 80 км, ең тар жері 10 км.
- Солтүстігінде Жалаңашкөл көлі жатыр. Климаты қуаң, күшті Ебі желі соғады. Қыс айларында желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан. Қыста желдің жылдамдығы 60 — 80 м/с-қа жетеді.
- Өзінің жіңішке және ұзын пішініне байланысты Жетісу Қақпалары табиғи аэродинамикалық құбырды пайда қылады. Қақпа арқылы өткенде жел қысымға ұшырап, Бернулли заңының әсерімен жылдамдығы артып 70 м/с-қа дейін жететін желдер соғады
- Желден қуаттылығы 5 мың МВт шамасында энергия алуға болатындығы болжанды (қараңыз Жел энергетикасы).
- Жетісу қақпасы Еуразия бассейніндегі орасан зор ауа массасы ауысатын Ортa Азиядағы “жел полюсі” саналады.
- Жетісу қақпасы ерте заманда Орта Азиямен Қазақстанның көшпелі халықтары бір-бірімен қатынасатын жол болған. П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Шоқан Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, Л.С. Берг ғалымдар зерттеген. Қақпа арқылы Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын Достық — Алашанкоу () темір жолы өтеді.
- Табиғи тар өтуі ені 10 км-ден аз.
- Жел Сайқанның қытай тілінен аудармасымен бірнеше мағынасы бар - «Жайсаңдар Иесі», «Қанатты жел» немесе «Жел бұзушы».
- Аңыз бойынша 300 жылдай бұрын, жоңғарлармен соғыс кезінде Қабанбай батыр оларды жеңіп, терең шатқалға барғанда, ақпайтын өзен ағып кеткен. Қабанбай батыр қолын көтеріп: «Тоқта» деді. Содан бері өзен Тоқта деп аталады. Қазір Үшарал-Достық жолының бойындағы өзен үстіндегі көпір қауіпті жерлердің бірі болып саналады.
Әдебиет
- Гинатуллин Лингвистикалық сөздік. - Алматы: Рарий, 2010
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
- "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер