Жиналыс — 1) адамдар тобының белгілі бір оқиғаға наразылық немесе қолдау, ынтымақтастық, т.б. қоғамдық көңіл күйді жаппай білдіру тәсілі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы” делінген. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін,” — деп жазылып, азаматтардың Жиналыс өткізу құқықтары айқындалған. 151-бабында азаматтардың Жиналыс өткізуіне кедергі жасау не оған қатысуға мәжбүрлеу олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық әрекет болып саналып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы көрсетілген. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 334-бабы бойынша Жиналыстарды және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу барысында бұл әрекет көлік жұмысының бұзылуына себепші болса немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі түрде зиян келтірілсе, онда оны ұйымдастырушылар мен қатысушылар әкімшілік жазаға немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін;
2)белгілі бір ұжым мүшелерінің, елді мекен тұрғындарының жиналысы; өздерінің ішкі өндірістік, экономикалық, әлеуметтік, т.б. мәселелерді талқылайтын бас қосуы.
Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер