Жиһад (араб.: الجهاد — сөзбе-сөз: , (ұмтылу)) — Исламда тиянақты құрылған теологиялық концепция.
Этимология
Жиһад сөзінің сөзге жуық мағынасы — Ислам Дінінде Аллаһ жолында тырысу, әділдікке шақыру, залымдарды зұлымдық істеуден тоқтату және әділетсіздікке қарсы күрес.
Құран Кәрімде
Жиһад сөзі Құран Кәрімде 41 рет кездеседі.
Жиһад — мұсылман қауымының ең басты міндеттерінің бірі, исламның таралуы мен салтанат құруы жолында барлық күші мен мүмкіндігін сарқа жұмсау. Алғашқыда Жиһад сөзі мұсылман мемлекеттерінің әскери іс-қимылы деген ұғым берді. Ал бұл мұсылман еместер үшін негізгі мәнге айналып, “” (бірсыпыра мұсылман халықтарында — (ғазауат)) атауын иеленді. 9 — 10 ғ-лардан бастап Жиһад атауы жаңа мазмұнмен толықтырылды: Жиһадтың жоғары формасы — Аллаға барар жолда өзіңді-өзің іштей жетілдіруді білдіретін діни Жиһад туралы, сондай-ақ, Жиһадтың төрт түрі — , , және туралы түсінік пайда болды.
Ұлт-азаттық қозғалысы кең өріс алған кезеңде Жиһад идеялары отаршылдыққа қарсы күресті күшейте түсу үшін пайдаланылды. Қазіргі кезде ислам ғалымдары Жиһадтың қорғаныстық сипатын ерекше атап көрсетеді және исламды тарату мен орнықтыруды бейбіт жолмен жүргізуге болатындығын тұжырымдайды. Сондай-ақ, Жиһад ұғымы мұсылмандарды исламды қорғауға жұмылдыратын күш ретінде түсіндіріледі.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.
- Morgan Diane Essential Islam: a comprehensive guide to belief and practice — ABC-CLIO, 2010. — P. 26387. — .
- , ed (1999). Merriam-Webster's Encyclopedia of World Religions. . ISBN ., Jihad, p.571
- , ed (2005). Medieval Islamic Civilization: An Encyclopedia. . ISBN ., Jihad, p.419
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер