Жоғары сатыдағы шаянтәрізділер (Malacostraca) – буынаяқтылар типінің бір класс тармағы. Ең ертедегі қазба қалдықтары кембрий кезеңінен сақталған. Жер шарында кең тараған, 13 отрядқа бірігетін 19,5 мыңдай түрі бар. Дене мөлшері 80 см-ден (омар) 3 м-ге (Камчаткалық теңіз шаяны) дейін жетеді. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің негізгі белгісі: бас, кеуде (8) және құрсақ бунақтарының (6, тек жұқасауытты шаянда – 7) саны тұрақты. Басында жұп фасетті көздері орналасқан. Дене бунақтарының әрқайсысында жұп аяқтары болады, тек құрсақтың соңғы бунағында аяғы болмайды, ол деп аталатын мүйізгекке (сегментке) айналған. Тыныс алу және қан айналу жүйесі жақсы дамыған. Қарыны шайнау және сүзу бөліктеріне бөлінген, күрделі асқорыту бездері бар. Ересек түрлерінде антеннальді бездер (бастағы өскіннің 2-жұбының түбінде орналасқан без) зәр шығарады. Жыныс саңылаулары аналығының 6-шы, аталығының 8-ші кеуде бунағында ашылады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділер (Мысалы, креветка) және тура (Мысалы, өзен шаяны) жолмен дамиды. Бұлардың организміндегі күрделі құрылымдарымен қатар, қарапайымдылар типінде кездесетін қос тармақты құрсақ аяқтарының болуы – осы күнге дейін ғалымдардың арасында класс тармақтың аталуы жөнінде пікірталастар тудыруда. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің кейбір түрлері: тағам ретінде пайдаланылады (дәуіт шаян); балықтардың қорегі болып табылады (мизидалар); ал крильден (Euphausіa superba) мал азығы, витаминдер, пасталар, сыр қоспасы даярланады.
Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер Қазбалық ауқымы: Cambrian–Recent | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||
| ||||||||
Subclasses | ||||||||
|
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер