Жыланбас (лат. Dracocephalum) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық туысы. Еуразияда 45 түрі, Солтүстік Америкада 1 түрі кездеседі. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), , Тянь-Шаньның батысында өсетін 22 түрі бар. Олардың арасындағы – (D. goloskokovіі), (D. pavlovіі), Қаратау жыланбасы (D. karatavіense) – республика жерінде сирек кездесетін эндемик түрлер. Соңғысы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Бұлардың биіктігі 5 – 60 см. Тамыры жуан, көп түрінің сабағы бұтақтанған. Ірі гүлдері қос жынысты, аталығы 4, аналығы – біреу. Түтікше тәрізді, бес тісті тостағанша жапырақшасында 15 жүйкесі анық көрінеді. Күлтесі – көгілдір, көк, күлгін, ақшыл сары түсті. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Жемісі – жаңғақша. Жыланбастың гүлі өте әдемі болғандықтан, негізінен, әсемдік өсімдіктер болып саналады. Арасында мал азықтық, бал алатын түрлері де кездеседі. Ал кейбір түрлерінің құрамында эфир майы бар, мысалы, киікотгүлді Жыланбас пен руйш Жыланбасы.
Жыланбас | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() молдава жыланбасы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
60-70 түрі белгілі |
Сілтемелер
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер