Жәннәт (: pairidaeza) және (парсы тілінде: pardis). Жәннәт пен Жаһаннамның бар екенін Қасиетті Құран Кәрімді оқу арқылы танып-білуге болады. Жәннат, Жаннат, Жәннәт — діни түсініктегі адам жанының о дүниеде мәңгілік рақатта болатын орны. Жәннат туралы түсінік жанның о дүниелік өмірі туралы алғашқы діни сенімдерден бастау алады. Тәуратта (Көне өсиет) Жәннат алғашында Адам ата мен Хауа ана тұрып, кейін үшін қуылған ғажайып бау-бақша түрінде суреттелген. Інжілде (Жаңа өсиет) Жәннат туралы түсінік дінге сенушілердің өлгеннен кейін қайтып оралатын орны ретінде сипатталған. Көптеген діндерде Жәннат рахаты күнаҺарлардың тозақта тартатын азабына қарсы қойылады. Жәннат — ислам дінінде адал мұсылмандардың о дүниедегі мәңгілік мекені ретінде суреттеледі. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімдегі Зүмәр сүресінің 72 — 73-аяттарында былай деген. “Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жәннатқа жолданады. Сондай-ақ, олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: “Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жәннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер” дейді. Ислам хадистерінде Жәннаттың 8 түрі аталады: (ақ маржанмен безендірілген); (қызыл тастардан тұратын); (жасыл асыл тастардан жасалынған); (сары маржан тастардан жасалынған); (ақ күмістен жасалған); (қызғылт алтыннан жасалынған); (күміс, алтын, асыл маржан тастардан жасалынған); (ақ асыл тастан тұратын).
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHdMekEzTDBwaGJsOUNjblZsWjJWc1gyUXVYeVZETXlVNE5DNWZNREF6TG1wd1p5OHpNREJ3ZUMxS1lXNWZRbkoxWldkbGJGOWtMbDhsUXpNbE9EUXVYekF3TXk1cWNHYz0uanBn.jpg)
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер