Забұрын (Забурунье) мұнай кен орны — Каспий маңы ойпатының оңтүстік-батыс ернеуі маңы өңіріндегі газ-мұнай кенорны. Құрылым 1966-1979 жылдары дайындалып, 1981 жылы іздестіру жұмыстары басталады. Кен орны 1982 жылы ашылып, барлау 1984 жылы аяқталған.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2Tnk4M1pTOGxSREFsT1RjbFJEQWxRakFsUkRBbFFqRWxSRElsUWpFbFJERWxPREFsUkRFbE9FSWxSREFsUWtSZkpVUXdKVUpESlVReUpVSXhKVVF3SlVKRUpVUXdKVUl3SlVRd0pVSTVYeVZFTUNWQ1FTVkVNQ1ZDTlNWRU1DVkNSRjhsUkRBbFFrVWxSREVsT0RBbFJEQWxRa1FsUkRFbE9FSXVhbkJuTHpJd01IQjRMU1ZFTUNVNU55VkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNNU1ZFTWlWQ01TVkVNU1U0TUNWRU1TVTRRaVZFTUNWQ1JGOGxSREFsUWtNbFJESWxRakVsUkRBbFFrUWxSREFsUWpBbFJEQWxRamxmSlVRd0pVSkJKVVF3SlVJMUpVUXdKVUpFWHlWRU1DVkNSU1ZFTVNVNE1DVkVNQ1ZDUkNWRU1TVTRRaTVxY0djPS5qcGc=.jpg)
Географиялық орны
Атырау облысында, Атырау қаласының оңтүстік-батысында 170 км жерде, Каспий теңізінің солтүстік жағалауына таяу орналасқан.
Геологиялық құрылымы
Кенді сыйыстырушы құрылым күмбезаралық көтерілімнен орын алған. Апт-неокомдық және неокомдық мұнайлы, неокомдық газды-мұнайлы горизонттар бөлінген. Олардың жатыс тереңдігі 851-905,6 м. Мұнай жатындарының биіктігі 7,2-53 м, газ жатындарының биіктігі 9,3 м. Су-мұнай жапсары -900-943 м белгілерде. Жатындар қойнауқаттық күмбездік, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Терригендік таужыныстардан құралған жинауыштары кеуекті.
Қанығу сипаты
Мұнайға қаныққан қалыңдық 0,8-10,8 м, газға қаныққаны -7,1 м. 7 мм-лік штуцердегі бастапқы шығымдар - мұнайдікі 14-72 м3/тәу, газдікі 43,4 мың м3/тәу. Газдық фактор 47 м3/м3. Бастапқы қойнауқаттық қысым 9,1-10,05 Мпа, температура 36-39°С.
Тығыздығы, құрамы
Мұнайдың тығыздығы 892 кг/м3, құрамында 0,26-1,26% күкірт, 1,75% парафин, 11,8-13,7%, шайырлар, 0,57-0,85%, асфальтендер бар. Газдың құрамы: метан -84,88-93,26%, этан -0,27-1,79%, пропан -0,43, изобутан -0,66%, азот -5,59%. Жатындардың режимі суарынды. Кен орны 1982 жылдан бері игерілуде.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер