Заупопод(лат. Sauropoda) – бауырымен жорғалаушылардың кесіртке жамбасты динозаврлар отрядының бір тармағы.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2WXk5ak1pOGxSREFsT1RjbFJEQWxRakFsUkRFbE9ETWxSREVsT0RBbFJEQWxRa1VsUkRBbFFrWWxSREFsUWtVbFJEQWxRalF1ZEdsbUwyeHZjM041TFhCaFoyVXhMVEl3TUhCNExTVkVNQ1U1TnlWRU1DVkNNQ1ZFTVNVNE15VkVNU1U0TUNWRU1DVkNSU1ZFTUNWQ1JpVkVNQ1ZDUlNWRU1DVkNOQzUwYVdZdWFuQm4uanBn.jpg)
Юра және бор кезеңдерінде Антарктидадан басқа құрлықтың бәрінде тіршілік еткен. Заупоподтың қаңқа сүйектері Қазақстанда Қызылорда облысынан табылған.
Бұл ірі жануардың дене тұрқы 30 м-дей, басы денесіне қарағанда өте кішкене, мойны мен құйрығы ұзын, жоғарғы жақ сүйектерінде 12 – 17, ал төменгісінде 10 – 16 ұсақ, жалпақ тістері болған. Танау қуысы көз шарасына жақын орналасқан, маңдай бөлімі қысқа, мойын омыртқасының саны 12 – 17, арқа омыртқасы 10 – 13, сегізкөзінде 3 – 6, ал құйрығында 80-дей омыртқасы болған. Аяғы 5 башайлы, алдыңғы 3 башайының ұшында өте үлкен әрі үшкір тұяқтары бар. Тістерінің құрылысына қарағанда олар шөп қоректі жануарлар, таяз суларда, жағалауларда мекендейді. Ал кейбір ғалымдар олардың үлкен денесіне, салмағына (40 т-нан астам) қарап, суда тіршілік еткен деген пікірді қолдайды.
Заупоподтардың 13 тұқымдасқа, 70-тей туысқа бірігетін 130-дей түрі белгілі. Олардың ішіндегі негізгі өкілдері – диплодок, апатозавр, брахиозавр.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 4 том, 3 бөлім
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Sauropoda |