Зиягүл (лат. Senecio) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдік, кейде сүректенген сабағы бар шырмауық немесе .
Зиягүл | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Карл Линней | ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
1500 түрі белгілі |
Арктикадан аймақтарға дейін, негізінен, Оңтүстік Африка, Жерорта теңізі жағалауы мен Азия, Оңтүстік және Солтүстік Американың қоңыржай белдеулерінде кездесетін 1500 (кейбір мәліметтерде 3000) түрі белгілі. Көпшілік түрі – суккуленттер болып табылады. Қазақстанның далалы аймақтары мен сортаңды жерлерінде, тоғай шеті мен арық жағаларында, кейде тау беткейлерінде өсетін 25 түрі кездеседі. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – (). Биіктігі 40 – 100 см. Жатаған тамыры болады. Тік сабағына қауырсынша тілімденген жапырақтары кезектесіп орналасады. 10 – 15 сары түсті гүлдері жиналып, себет гүлшоғырын құрайды. Себеттің сыртында болады. . 5 аталығы кірігіп түтік түзеді. – біреу. Маусым – тамыз айларында гүлдеп,шілде – жемісі піседі. Тұқымы ұзынша, сыртында 5 – 10 қыры болады.Зиягүлдердің арасында бау-бақшада өсетін арамшөп (мысалы, кәдімгі Зиягүл), сондай-ақ құрамында алкалоид бар дәрілік (мысалы, ) түрлері кездеседі. Негізінен Зиягүл гүлдері әдемі болғандықтан, әсемдік үшін өсіріледі.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998