Зорлық-зомбылық — жеке тұлғаға қол сұқпаушылық туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлық-зомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemxtTDFSaGJHbGlZVzVmWW1WaGRHbHVaMTkzYjIxaGJsOXBibDl3ZFdKc2FXTmZVa0ZYUVM1cWNHY3ZNakF3Y0hndFZHRnNhV0poYmw5aVpXRjBhVzVuWDNkdmJXRnVYMmx1WDNCMVlteHBZMTlTUVZkQkxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, жыныстық немесе экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
- Күш көрсету зорлық-зомбылығы — дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
- Психологиялық зорлық-зомбылық — адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау не болмаса құқық бұзушылықтарды немесе өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
- Сексуалдық зорлық-зомбылық — адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
- Экономикалық зорлық-зомбылық — адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл.
- https://www.gov.kz/situations/677/1394?lang=kk
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер