Зубр (лат. Bison bonasus) – сүтқоректілер класы, қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жануар. Негізгі мекені және орманды аймақтары болып саналады.
Зубр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
() | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Bison bonasus (Линней, 1758) | ||||||||||||||
Зубр ареалы | ||||||||||||||
Subspecies | ||||||||||||||
|
Зубр – ірі жануар. Дене тұрқы 3,5 м, биіктігі 2 м-дей (шоқтығынан алғанда), салмағы 1 тоннадай. Жүні қалың, қоңыр түсті. Бұқасының да, сиырының да мүйізі болады. 2 – 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Шілде – қыркүйекте күйлеп, 9 айдан соң аналығы жалқы бұзау туады. Бұзауын 5 айдай, кейде 1 жылға дейін емізеді. 20 ғасырдың басында таза тұқымды зубрлар тек қорықтарда сақталып қалды. Сондықтан Ресейде алғаш рет зубр мен бизонды шағылыстырып, түраралық будан – зубр-бизон алынды (1907). Бұларда зубрдың да, бизонның да белгілері болады, бірақ әдетте, екеуінен де ірілеу келеді. Басы зубр басынан үлкенірек, артқы аяғының пішіні өзгешелеу, басының, кеудесінің жүні қалыңдау.
Салмағы 600 – 1000 кг. Аңшылық шаруашылық үшін маңызы зор. 1960 жылы Алматы хайуанаттар саябағында өсірілген бес зубр-бизон Іле Алатауындағы жіберілген болатын. Бірақ қысы суық, қары мол бұл жерде зубр-бизондар тіршілік ортасына бейімделе алмай, келесі жылы түгелдей шығынға ұшырады. Сондай-ақ осы жылдары төрт таза тұқымды зубрды Іле Алатауының ормандарына жерсіндіру де сәтсіз аяқталды. Зубрлар жойылып кету қаупі бар жануарлар тобына жататындықтан, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Дереккөздер
- Olech, W. (IUCN SSC Bison Specialist Group) (2008). Bison bonasus. In: 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 14 қаңтар 2009.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер