Иван Васильевич Панфилов (1 қантар 1893 жыл, Ресей, Саратов облысы қаласы – 19 қараша 1941 жыл, Мәскеу облысы ауданы ауылы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (12.4.1942). Бірінші-дүниежүзілік соғысқа, 1918 – 1920 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.
- 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.
- 1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,
- 1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.
- 1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді.
- 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті (қ. Жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар). Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.
Иван Васильевич Панфилов | |
Генерал-майор Иван Панфилов кеңес маркасында, 1963 жыл | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Петровск, Саратов губерниясы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | |
Әскер түрі | |
Қызмет еткен жылдары | |
Атағы | Фельдфебель |
Әскери бөлімі | 16-шы әскер |
Шайқасы | Бірінші дүниежүзілік соғыс |
Иван Васильевич Панфилов Ортаққорда |
Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.
Галереясы
- Алматыдағы Панфиловтың Ескерткіші
Естеліктер
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWxMMlZpTDBkeVlYWmxjMTl2Wmw5TVpYWmZSRzkyWVhSdmNpVXlRMTlXYVd0MGIzSmZWR0ZzWVd4cGEyaHBibDloYm1SZlNYWmhibDlRWVc1bWFXeHZkaTVxY0djdk1qSXdjSGd0UjNKaGRtVnpYMjltWDB4bGRsOUViM1poZEc5eUpUSkRYMVpwYTNSdmNsOVVZV3hoYkdscmFHbHVYMkZ1WkY5SmRtRnVYMUJoYm1acGJHOTJMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
- Мәскеуде Новодевичий зиратында жерленген.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHhMekUyTHlWRU1DVTVNU1ZFTVNVNFJTVkVNU1U0TVNWRU1TVTRNbDhsUkRBbE9UTWxSREFsUWpVbFJERWxPREFsUkRBbFFrVWxSREVsT0VaZkpVUXdKVUV4SlVRd0pVSkZKVVF3SlVJeUpVUXdKVUkxSlVReEpUZ3lKVVF4SlRneEpVUXdKVUpCSlVRd0pVSkZKVVF3SlVJekpVUXdKVUpGWHlWRU1DVkJNU1ZFTUNWQ1JTVkVNU1U0UlNWRU1DVkNOeVZFTUNWQ01GOGxSREFsUWpNbFJEQWxRalVsUkRBbFFrUWxSREFsUWpVbFJERWxPREFsUkRBbFFqQWxSREFsUWtJbFJEQWxRakJmSlVRd0pUazRMbDhsUkRBbE9USXVYeVZFTUNVNVJpVkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNSQ1ZFTVNVNE5DVkVNQ1ZDT0NWRU1DVkNRaVZFTUNWQ1JTVkVNQ1ZDTWlWRU1DVkNNQ1V5UTE4bFJEQWxRa1lsUkRFbE9EQWxSREFsUWtVbFJERWxPREVsUkRBbFFrWWxSREFsUWpVbFJEQWxRa0VsUkRFbE9ESmZKVVF3SlRsQkpVUXhKVGd3SlVRd0pVSXdKVVF4SlRneEpVUXdKVUpFSlVRd0pVSkZKVVF3SlVJd0pVUXhKVGd3SlVRd0pVSkRKVVF3SlVJMUpVUXdKVUk1SlVReEpUZ3hKVVF3SlVKQkpVUXdKVUk0SlVRd0pVSTVKVEpEWHpFeE1DVXlRMThsUkRBbE9URWxSREFsUWpBbFJERWxPREFsUkRBbFFrUWxSREFsUWpBbFJERWxPRE1sUkRBbFFrSWxNa05mSlVRd0pUa3dKVVF3SlVKQ0pVUXhKVGd5SlVRd0pVSXdKVVF3SlVJNUpVUXhKVGd4SlVRd0pVSkJKVVF3SlVJNEpVUXdKVUk1WHlWRU1DVkNRU1ZFTVNVNE1DVkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNPUzVxY0djdk1qSXdjSGd0ZEdoMWJXSnVZV2xzTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
- Гусенево ауылында қайтыс болған жерге ескерткіш орнатылды (Мәскеу облысы Волоколам ауданы Чисменский ауылдық елді мекені).
- Алматыдағы 28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақта ескерткіш орнатылды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemd4TDFOMFlYUjFaVjl2Wmw5SmRtRnVYMUJoYm1acGJHOTJYMmx1WDBKcGMyaHJaV3RmTWk1cWNHY3ZNakl3Y0hndFUzUmhkSFZsWDI5bVgwbDJZVzVmVUdGdVptbHNiM1pmYVc1ZlFtbHphR3RsYTE4eUxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
- Бішкектегі ескерткіш 1941 жылы генерал Панфиловтың ескерткішіне конкурс нәтижесінде тұрғызылған (авторлары Аполлон Мануйлов, Александр Могилевский, Ольга Мануйлова, И. Фрех-Хар және М. Епштейн). Бұл Ұлы Отан соғысы батырының құрметіне қойылған КСРО-дағы ең алғашқы ескерткіш. Ескерткіштің ашылуы 1942 жылдың қарашасында болды.
- 2015 жылы 9 мамырда Астанада генерал Панфилов пен 28 батыр-панфиловшыға ескерткіш ашылды.
- Қырғызстанда 1942 жылы Шу облысының Панфилов ауданы құрылды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek15THlWRU1DVTVSaVZFTUNWQ01DVkVNQ1ZDUkNWRU1TVTROQ1ZFTUNWQ09DVkVNQ1ZDUWlWRU1DVkNSU1ZFTUNWQ01sOGxSREFsT1RnbFJEQWxRaklsUkRBbFFqQWxSREFsUWtSZkpVUXdKVGt5SlVRd0pVSXdKVVF4SlRneEpVUXdKVUk0SlVRd0pVSkNKVVF4SlRoREpVUXdKVUkxSlVRd0pVSXlKVVF3SlVJNEpVUXhKVGczWHlVeU9DVkVNQ1U1TVNWRU1TVTRSU1ZFTVNVNE1TVkVNU1U0TWw4bFJEQWxRakpmSlVRd0pUa3lKVVF3SlVKRkpVUXdKVUpDSlVRd0pVSkZKVVF3SlVKQkpVUXdKVUpGSlVRd0pVSkNKVVF3SlVJd0pVUXdKVUpESlVReEpUZ3hKVVF3SlVKQkpVUXdKVUkxSlRJNUxtcHdaeTh5TWpCd2VDMGxSREFsT1VZbFJEQWxRakFsUkRBbFFrUWxSREVsT0RRbFJEQWxRamdsUkRBbFFrSWxSREFsUWtVbFJEQWxRakpmSlVRd0pUazRKVVF3SlVJeUpVUXdKVUl3SlVRd0pVSkVYeVZFTUNVNU1pVkVNQ1ZDTUNWRU1TVTRNU1ZFTUNWQ09DVkVNQ1ZDUWlWRU1TVTRReVZFTUNWQ05TVkVNQ1ZDTWlWRU1DVkNPQ1ZFTVNVNE4xOGxNamdsUkRBbE9URWxSREVsT0VVbFJERWxPREVsUkRFbE9ESmZKVVF3SlVJeVh5VkVNQ1U1TWlWRU1DVkNSU1ZFTUNWQ1FpVkVNQ1ZDUlNWRU1DVkNRU1ZFTUNWQ1JTVkVNQ1ZDUWlWRU1DVkNNQ1ZFTUNWQ1F5VkVNU1U0TVNWRU1DVkNRU1ZFTUNWQ05TVXlPUzVxY0djPS5qcGc=.jpg)
- Волоколамск қаласында Панфилов көшесінде – № 4 үйде мемориалдық тақта; Волоколамск қаласындағы Октябрь алаңында – қола бюст.
- Оның атымен Алматы облысындағы Жаркент қаласы (1942-1991 ж. - Панфилов) және Қазақстандағы үлкен ауыл аталды, Қырғызстандағы ауыл.
- Тараз қаласындағы мектеп оның есімімен аталады.
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы 57 мектеп оның есімімен аталады.
- Алматы қаласындағы №54 мектеп оның есімімен аталады.
- Самара қаласындағы №116 мектеп оның есімімен аталады.
- Саратов облысы Петровск қаласының №3 мектебіне оның есімі – өзі оқыған мектеп берілді, сонымен қатар мектепте И.В.Панфиловтың мұражайы бар.
- Саратов қаласындағы №64 мектеп онык есімімен аталады.
- Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Қарасу ауданындағы И.В.Панфилов атындағы ауыл.
- Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Панфилов атымен аталады.
Тағы қараңыз
- Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 12 апреля 1942 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1942. — 24 апреля (№ 13 (172)). — С. 1.
- Қазақ Энциклопедиясы
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
- Момышұлы Б., Генерал Панфилов, А., 1965
- Совет Одағының Қазақстандық батырлары, А., 1969
- М., Панфилов Иван Васильевич, А.-А., 1975.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер