Игорь Александрович Вовнянко (14 шілде 1942, Алматы - 10 қазан 2021) — кеңестік және қазақстандық кинооператор, режиссер, сценарист. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
Игорь Вовнянко | |||||
Жалпы мағлұмат | |||||
---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||
Туған жері | |||||
Қайтыс болған күні | |||||
Қайтыс болған жері | |||||
Азаматтығы | |||||
Мамандығы | |||||
Марапаттары | | ||||
IMDb |
Өмірбаяны
Игорь Вовнянко БМКИ-ді тәмамдаған. Еңбек жолын 1958 жылы "Қазақфильм" киностудиясында кинооператордың көмекшісі болып бастаған. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1969). 1969-1971 жылдар аралығы Куйбышев (қазіргі Самара) телестудиясында жұмыс істеді. 1971 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында оператор болып жұмыс істеді. 1974 жылдан бері - КСРО Кинематографистер одағының мүшесі. 2005 жылдан Қазақстан Кинематографистер одағының төрағасы болды.
2021 жылы 10 қазан күні Игорь Вовнянко 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Еңбектері
Қоюшы-оператор ретінде "Ерекше күн" (1971), "Көкжиек" (1973), "Қайдасыңдар, шабандоздар" (1974), "Кездеспей кеткен бір бейне" (1977), "Жылан жылы" (1982) секілді кинофильмдер мен бірнеше телевизиялық фильмдерді ("Жеңімпаз", 1979; "Қауын", 1982; 4 сериялы "Шоқан Уәлиханов" 1983 - 1985; "Дермене", 1986, т.б.) түсірді. Сонымен қатар "Құмшағыл тарихы" (1986), "Аустриядағы кездесулер", "Теңіз" (екеуі де 1987) деректі фильмдерінің сценарийін жазды жөне режиссері болды.
Марапаттары
- Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986)
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998)
- Тәуелсіз жалпыұлттық Тарлан сыйлығының лауреаты (2004)
- Құрмет ордені (2008)
Дереккөздер
- Қазақстандық кинооператор және режиссер Игорь Вовнянко қайтыс болды
- “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер