Изафет (парсыша اضافه ezāfe, арабша إِضَافَة) — зат есім сөздердің бір-біріне бағына байланысуынан жасалған сөз тіркестері. Изафет көбіне иран, түркі, семит тілдерінде және урду сияқты иран тілдерінің ықпалына түскен тілдерде кездеседі.
Парсы изафеті
Парсы тіліндегі изафет түрлері осындай мақсаттарда қолданылады:
- Тиесілілікті белгілейді: برادرِ مریم barādar-e Maryam — Мәриямның ағасы/інісі. Есімдіктермен де пайдаланылады, мәселен برادرِ من barādar-e man — менің ағам/інім, бірақ ауызекі тілде көбінесе тәуелдік жалғауды қолданады: برادرم barādar-am — ағам/інім.
- Сын есім–зат есім сөз тізбегі ретінде: برادرِ بزرگ barādar-e bozorg — үлкен бауыр (аға).
- Ат пен тек/лауазым/атақ: محمد مصدق Mohammad-e Mosaddeq — Мұхаммед Мосаддық, آقایِ مصدق āghā-ye Mosaddeq — Мосаддық мырза.
- Екі зат есім байланыстыру: خیابانِ تهران khiābān-e tehrān — Тегеран көшесі немесе Тегеранға жол.
Түркі изафеті
Түркі тілдерінде, солардың қатарындағы қазақ тілінде, изафеттің үш түрі бар:
- Бір зат есім сөздің екінші зат есімге анықтауыш болып, қосымшасыз қабыса байланысуы арқылы жасалған сөз тіркесі: аллюминий қасық, шуашша чукун çул — темір жол, түрікше orta parmak — ортаң терек, тура аудармасы орта саусақ.
- Нөлдік тұлғадағы зат есімнен тұрған анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғаудың үшінші жағындағы анықталатын сөзден жасалған сөз тіркесі: орман аңы, өзбекше O’zbekiston Respublikasi — Өзбекстан Республикасы.
- Ілік септіктегі анықтауыш сөз бен тәуелдік жалғаулы анықталатын сөзден тұратын сөз тіркесі: аңшының мылтығы, түрікше atın ölümü — аттың өлімі.
Изафет түрлері контекстіге қарай бір-біріне ауыса алады. Мәселен, ауыл баласы – осы ауылдың баласы, бұл мектептің оқушылары – мектеп оқушылары. Изафеттің сыңарлары бір-бірінен алыс тұрып та, байланыса береді, мысалы студенттің бүгін берген жауабы.
Басқа тілдерде
Түркі изафетіне ұқсас құрылым фин-угр тілдерінде де табылады, алайда олар шығыс тілдері болмағандықтан ол құрылымды атау үшін изафет термині көбінесе қолданылмайды:
- Удмуртша мынам киы — менің қолым, ныллэн книгаез — қыздың кітабы.
- Мажарша Ferenciek tere — Францискандар алаңы.
Албан тілінде парсы изафеті тәрізді құрылым бар. Оны құру үшін оқшау артикльді қолданады. Мәселен, djali i urtë — ақылды ұл бала, bija е partizanit — партизанның қызы, Akademia e Shkencave e Shqipërisë — Албания Ғылым Академиясы.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия / Ә. Нысанбаев — Алматы, 1998. — .
- Moshiri Leila Colloquial Persian — London: Routledge, 1988. — . (ағыл.)
- Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты Қазақ тілі. Энциклопедия — Алматы, 1998. — P. 509. — .
- Denis Sacharnych [udmurt.info УДМУРТОЛОГИЯ] (орыс.).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер