Иконников жарқанаты (лат. Myotis ikonnikovi) – қолқанаттылар отряды, тұқымдасына жататын жарқанат.
Иконников жарқанаты | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
() | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Myotis ikonnikovi (, 1912) |
Негізінен тайганың таулы жерлерінде, үлкенді-кішілі тайга өзендерінің жайылымдарында, қыстау кезінде сирек табиғи үңгірлерде кездестіруге болады. Қазақстанда Бұқтырма өзенінің () алабынан ғана табылған. Тіршілігі өте аз зерттелген. Бұлар аздаған шоғыр құрып немесе жеке-жеке тіршілік етеді. Қорегін аулауға қараңғы түнде шығады. Өте баяу, әлсіз ұшады. Ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Түнде белсенді. Иконников жарқанатының саны өте аз. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, Марқакөл мемлекеттік қорығында қорғалады.
Статус
IV-ші санат. Саны аз, зерттелмеген түр. Систематикасы да зерттеле қойған жоқ.
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Сұрек кездесетін тайга орманымен бойланыстыоңтүстік-сібірлік түр. Қазақстан фаунасындағы ең кіші жарқанаттардың бірі.
Таралуы
, Алтай, , Солтүстік-шығыс Моңғолия, Солтүстік-батыс Қытайда таралған. Қазақстанда таулы Алтайдың батыс жағынан табылған. Бұқтырма өзенінің бойынан, Катонқарағай ауданынан, , өзені жағамауынан белгілі.
Мекендейтін жерлері
Қазақстанда жарқанатының мекені-тайга орманымен байланысты. Адам қоныстарынан алысырақ ормандарды мекендейді ұстанады. Бұл жарқанат тауда теңіз деңгестінен 1600-1700 м биіктікке дейін көтіріледі. Таудың тік беткейлері мен жартасты учаскелерін мекендейді. Кейде қыста таудағы үңгірларден де табады. Негізгі мекендері – жартастар арасындағы қуыстар мен үңгірлер.
Саны
Соңғы жылдарға дейін бұл түрдің таралған елдерінде (тәуелсіз мемлекеттер одағында) 12-ақ жерден ғана белгілі. , Приморье өлкесінде, Моңғолия мен Қытайда оның 6 мекендейтін қонысы белгілі. Оның біреуі Синегор үңгірінен қыста табылған. Сібір мен Алатау тауларын бірнеше рет зерттеу кезінде жарқанаты табылған жоқ. Қазақтанда ол тек оңтүстікте ғана табылып қалады.
Негізгі шектеуші факторлар
Белгісіз.
Биологиялық ерекшеліктері
Қазақстанда бұл туралы мәлімет жоқ. Басқада таралған жерлерінен де коллекциондық материалдар өте аз. Тіршілігі туралы да мәліметтер жоқ. Шамалауымыз бойынша, ормандарда олар шағын колония түрінде өмір сүреді. Көбіне жеке-жеке ұшып жүреді. Азықтануға түнде ұшады. Аспанда 1-3 м биіктікте азығын аулап жүріп коретенеді; ұшуы көбелектердің қалықтап ұшуын еске түсіреді. Ұсақ насекомдармен қоректенеді.
Қолда өсіру
Мәлімет жоқ.
Қабылданған қорғау шаралары
мен қорықтарында, мүмкін, « ұлттық табиғи паркінде, қорғалады.
Қорғауды керек ететін шаралар
Қорғау шаралары айқындалған жоқ.
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Қорғау шараларын белгілеу үшін оның биологиясын зерттеу керек.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Бұл — зоология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер