Имамқұл, Имамкули (1582 – 1642) – Бұхар хандығының билеушісі (1611 – 42). Аштархан әулетінің өкілі. Қазақ хандығындағы Есім мен Тұрсын хандар арасындағы өзара қырқысты өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Қазақ хандарының билігіне бағынбай хандығына кеткен бүлікшіл сұлтан Абылайға Әндіжан өлкесінен үлес беріп, өзіне тартты. Сол арадан Абылай қазақ жеріне шабуыл жасап тұрды. 1623 ж. Абылай мен Имамқұл хан Ташкентке жорық жасады. Тұрсын хан бұхарлықтарды жеңіліске ұшыратты. 1624 ж. Тұрсын мен Есім хандар Абылай сұлтанды жазалау мақсатымен Әндіжанға біріккен жорық жасады. Абылай Имамқұлдан жәрдем сұрады. Қазақтар бұхарлықтарды жеңгенімен, Әндіжанды ала алмайды. Қазақ хандарының Имамқұлмен қарым-қатынастары өте күрделі болды. Қазақ билеушілері мен билікке ұмтылған сұлтандар хандығындағы әр түрлі топтардың ішкі күресіне белсене араласты. 1611 ж. Есім хан інісі бірге Имамқұлға басты бәсекелесі тақты тартып алуға көмектесті. Бірақ көп ұзамай олардың өзара одағы тарап кетті. Олардың арасындағы ұзаққа созылған таластың себебі маңызды сауда-экономика орталығы – Ташкент қаласы болды. Сарай тарихшысы Муншидің жазуы бойынша 1611 ж. Түркістандағы қазақ сұлтандары Имамқұлдың тағындағы әлсіз жағдайын пайдаланып, Ташкент пен оның айналасына иелік ету құқығын мойындатты. Бірақ 1612 ж. Имамқұл қазақтарға қарсы Түркістан арқылы “Аспара мен Қаратаудың ең шеткі аймақтарына дейін” жорық ұйымдастырып, жолындағы бірнеше қала мен елді мекендерді талан-таражға түсірді. Бірақ Имамқұл Ташкент аймағын тастап шығысымен қала тұрғындары көтеріліс жасап, оның билеуші етіп тастап кеткен ұлы Искандарды () өлтірді. Қайтып келіп көтерілісті басқан Имамқұл әскері қала тұрғындарын аяусыз жазалады. Бай егіншілік шұраттардың құлдырауына, қалалардың қирауына, мыңдаған бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкеп соққан қазақ және өзбек соғысы бұдан кейінгі жылдары да жалғасты. Имамқұл Иранмен де жиі-жиі соғысты. Бұл соғыстарда ол қазақтардан жәрдем алып отырды.
Имақұли хан | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1611 — 1642 | |||
Ізашары | Уәли Мұхаммед хан | ||
Ізбасары | Надир Мұхаммед хан | ||
| |||
1628 — 1642 | |||
Монарх | Жәнібек хан ІІ | ||
Ізашары | Абылай сұлтан | ||
Ізбасары | Рүстем | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 1582 Бұхара | ||
Қайтыс болуы | 1644 Мекке | ||
Балалары | Ескендір, Рүстем | ||
өңдеу |
Сілтемелер
Дереккөздер
- Ескендір Мунши, Тарих-и-аламара-ий Аббаси, КСРО ҒА шығыстану ин-ты Ленинград бөлімшесінің қолжазбалары, 3-бөлім; Ахмедов Б.А., Государство кочевых узбеков, М., 1965; Қазақстан тарихы, 2-т., А., 2000.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер