Ирландия патшалығы (ирл. Ríocht na hÉireann; ағылш. Kingdom of Ireland) — 1541 жылдан 1800 жылға дейін өмір сүрген және бүкіл Ирландия аралында орналасқан ирландық мемлекет. 1801 жылы 1 қаңтарда Ирландия мен Ұлыбритания бірігіп, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығын құрды.
Ирландия патшалығы ирл. Ríocht na hÉireann ағыл. Kingdom of Ireland | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
![]() | |||||||||
Астанасы | Дублин | ||||||||
Тіл(дер)і | ирландша, ағылшынша | ||||||||
Ақша бірлігі | |||||||||
Аумағы | 84 000 км² | ||||||||
Басқару формасы | монархия | ||||||||
Патша | |||||||||
- 1542—1547 | |||||||||
- 1760—1800 | III Георг | ||||||||
← Ирландия (феодалды иеліктер) Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы → |
Патшалықты жариялау
1542 жылы бекіткен Ирландия Королі Актіне сәйкес, Ирландия патшалыққа айналды және бұғанға Ирландия билеушісі титулымен атанған Англия патшасы , 1169 жылдан бері бірінші болып Ирландия патшасы деп жарияланды. 1171 жылы Ирландияны Генрих II басып алғаннан кейін, 1155 жылы Рим Папасы жариялаған Laudabiliter-ді алған Ирландия Лордтығы өмір сүруін тоқтатылды.
Мемлекеттік басқару
Мемлекет басшысы ағылшын монархы болды. Атқарушы биліктің басшысы және ағылшын патшасының өкілі Лорд-Өкіл, одан кейін Лорд-Лейтенант болды. Әдетте, бұл лауазымға асыл текті ағылшындар тағайындалды, дегенмен ирландықтар бұл лауазымды бірнеше рет иеленді. XVIII ғасырда бұл лауазымның мәні төмендей бастады және атқарушы қызметті Ирландия Бас хатшысы атқарды. Ирландия патшалығының заң шығарушы органы ағылшындық үлгіге сәйкес құрылған және Лордтар палатасынан және Қауымдастық палатасынан құралған екі палаталы парламент болды. Ирландия парламентінің өкілеттіктері бірқатар заң актілерімен, негізінен, 1492 жылы Алқызыл мен Ақ раушан соғыстарының аяқталуынан кейін Лорд-Өкіл Эдуард Пойнинг ұсынған Пойнинг Актісімен шектелді.
1693 жылдан бастап католиктер, сондай-ақ протестантизм, пресвитерианизм және методизм сияқты тармақтың өкілдері парламенттің құрамына кіруге жол берілмеді және олар 1728 жылдан 1793 жылға дейін дауыс беру құқығына ие болмаған бірқатар заңдармен шектелді.
Тағы қараңыз
Сілтеме
- The English in Ireland and the Practice of Massacre by John Minahane (ағыл.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер