Ирланд теңізі (ағылш. Irish Sea, вал. Môr Iwerddon, ирл. Muir Éireann) — Атлант мұхитының шеткі теңізі, шығысындағы Ұлыбритания, батысындағы Ирланд аралдарының аралығында, мұхитпен Солтүстік бұғаз (солтүстік жағынан), Әулие Георг бұғазы (оңтүстік жағынан) арқылы жалғасады.
Ирланд теңізі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 100 мың км² |
Тереңдігі | 175 м |
Орташа тереңдігі | 43 м |
Орналасуы | |
53°43′18″ с. е. 5°10′38″ б. б. / 53.72167° с. е. 5.17722° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°43′18″ с. е. 5°10′38″ б. б. / 53.72167° с. е. 5.17722° б. б. (G) (O) (Я) | |
Ирланд теңізі Ортаққорда |
Тереңдігі 272 м-ге жетеді. Түпкі шөгінділері — малта тас, құм, тұнба. Ірі аралдары — Мэн және . Жағалары кішігірім шығанақтармен, қойнаулармен тілімделген. Жыл бойы батыстан жел соғады. Қыста теңіз дауылдары жиі болады. Суының температурасы ақпанда 5—9 °С градустан, тамызда 13—16 °С градусқа дейін жетеді. Тұздылығы 32—34,8 ‰ аралығында өзгереді. Беткі ағысы — айналмалы ағыс. Жарты тәулікте бір көтеріледі (биіктігі 1–2 м-ден 6 м-ге дейін). Теңізден балық (майшабақ, килька, нәлім) ауланады. Ірі порттары — Ливерпуль (Ұлыбритания) және Дублин (Ирландия).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер