Ихтиология (лат. ichthys - балық және логия) - балықтар мен дөңгелекауыздыларды, (миксиндер мен тілтістер) зерттейтін омыртқалылар зоологиясының бөлімі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDFKU05URXhNQzB3TURjd1VpNW5hV1l2TWpJd2NIZ3RVbEkxTVRFd0xUQXdOekJTTG1kcFpnPT0uZ2lm.gif)
Толығырақ
Қазіргі заманның басты проблемалары, ашық мұхитпен ішкі су қоймаларының балықтар түр құрамын, олардың экологиясын, этологиясын, популяция динамикасын, эволюциясымен систематикасын зерттеу. Қазіргі уақытта мұхиттық балық аулау кәсіпшілігіне, ішкі су қоймаларында әртүрлі балық шаруашылығын ұтымды жүргізу, балық қорын жасау мен сақтаудың биологиялық негіздеріне көңіл бөлінеді.
Ихтиология балықтардың сыртқы белгілері мен ішкі құрылысын ( мен ), балықтардың сыртқы ортаға бейімделуін, және қарым-қатынасын (экологиясын), даму тарихын – жеке организмнің эмбриологиясын және түрлердің, туыстардың, тұқымдастардың, отрядтардың, т.б. эволюциясын немесе , сондай-ақ, балықтардың географиялық таралуын (зоогеографиясын) және балықтар үйірінің санын, оның ауытқу заңдылықтарын зерттейді; балықтардың мінез-құлығын (этологиясын), өзара қалай қатынаста болатынын, ұрпағына қалай қамқорлық жасайтынын анықтап, балықтардың өндірістік қорын анықтау әдістерін жетілдіреді, қысқа және ұзақ мерзімді балық аулау көлемін болжайды.
Ихтиология мынадай салалардан тұрады: балықтар физиологиясы, балық өсіру, өндірістік балық аулау, балықтар эмбриологиясы, балық өндірісінің , балық тағамдарының технологиясы, балықтар аурулары. Балықты өңдеу туралы алғашқы деректер Ежелгі Мысырдың (б.з.б. 3700 – 3600 жылы) папирустары мен жартастарындағы суреттерде кездеседі. Балықтарды ғылым тұрғыдан зерттеу жұмыстары 16 ғасырдың ортасынан, француз ғалымдары мен және италияндық биолог еңбектерінен басталады. 18 ғасырдың басында швед ихтиологы балықтар жіктелімін жасады. 18 ғасырда Ресейде балықтарды зерттеу , , есімдерімен тығыз байланысты. 19 ғасырда мен Каспий, , Қара теңіздеріндегі жүргізген зерттеулері ерекше орын алды, соның нәтижесінде балықтарды қорғаудың ғылым негізделген шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында неміс ғалымы , дат ғалымы , Норвегия ғалымы , т.б. балық аулау кәсібін ғылым тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізді, соның нәтижесінде балық қорын анықтау тәсілдері ұсынылды. Ихтиологияның дамуына кеңестік дәуірдегі ихтиологиялық бағыттың бастаушысы атанған (балық жіктелімі, палеонтологиясы, таралуы), (балық анатомиясы), пен (балық морфологиясы мен эмбриологиясы), (кәсіптік И.), (балық жасын және өсу жылдамдығын анықтауды), (арнайы ихтиология және балық экологиясы оқулықтары), т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. XX ғасырдың ортасынан бастап ихтиологтар балықты зерттеудің барлық саласына да көптеген жаңалықтар енгізді. Мысалы, балық үйірін іздеуге ультрадыбысты қолдану, балық аулауда , балықтың қоректенуін зерттеуге пайдалану, балық өсіруде , батискаф, т.б. аппараттармен судың әр түрлі тереңдігін зерттеу, су асты телевизиясын пайдалану, т.б.
Ихтиологиялық зерттеулерді дамытуға көмектесетін Халықаралық Ихтиологиялық бірлестік, Халықаралық Ихтиологиялық теңіз зерттеу кеңесі және т.б. ұйымдар бар.
Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу 18 ғасырда Палластың еңбектерінен басталады. Ол 1768 – 73 жылы Санкт-Петербургтен Байкал бойына жасаған саяхаты кезінде Каспий теңізі мен Еділ, Жайық, Ертіс өзендерінің ихтиофаунасын зерттеді. Арал теңізінің балықтары туралы алғашқы деректерді Г.Мейендорф берді (1820). 1853–57 жылы Каспий су алабын зерттеушілер (, ) балық үйірінің динамикасы мен судың биологиялық өнімділігі теориясының негіздерін қалады. Қазақстанның ихтиофаунасын тануда XIX ғасырдың 2-ші жартысында ғалым-саяхатшылар Н.А. Северцов пен А.П. Федченконың, К.Ф. Кесслердің, А.И. Шренктің, Н.М. Пржевальскийдің, т.б. жинаған мәліметтері мен ғылым-зерттеулерінің маңызы ерекше болды. Аралда 1929 жылы Бүкілодақтық балық ш. ғылым-зерттеулер институтының тұрақты ст., 1933 жылы Балқашта бөлімшесі, кейінірек Алтай Ихтиологиялық базасы ұйымдастырылды. Қазақстан ихтиофаунасын зерттеудің жаңа кезеңі КСРО Ғалымдар Академиясының 1932 жылы Қазақстанда ұйымдастырылған базасымен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның ихтиофаунасын зерттеуде Г.В. Никольский (Арал су алабы), П.Ф. Домрачев (Балқаш су алабы) және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. 1959 жылы Қазақстан Ғалымдар Академиясы-ның Зоология ин-тында әуелі сектор, кейіннен ихтиология және гидробиология бөлімшесі Арал, Балқаш, Алтай бөлімшелерін қамтитын Қазақ балық ш. ғылым-зерт. ин-тына (КазНИИРХ) айналды. 1961 жылы ҚазМУ-де (қазіргі Қазақ ұлттық ун-ті) ихтиология және гидробиология кафедрасы ашылды.
Республикамыздың ірілі-уақты суларын терең зерттеу 20 ғасырдың 40-жылдарынан басталды. Бұл кездегі Қазақстандағы Ихтиологиялық зерттеу жұмыстары, негізінен, республика ғалымдарының күшімен атқарылды. 1945–50 жылы Аралда, Балқашта, Зайсанда тұрақты зерттеулер жүргізілді. Олардың негізгі мақсаты өндірістік бағалы балық қорын зерттеу және балық аулауды тиімді ұйымдастыру болды.
20 ғасырдың 60-жылдарынан Қазақстанның әр өңіріне лайық балық ш-тарын құру мәселесі биол. тұрғыдан дәлелденді, кәсіптік мәні бар аса бағалы балықтар (құбылмалы бахтах, ақ амур, т.б.) жерсіндірілді, барлық балық түрлерінің морфологиялық және физиол. ерекшеліктері, қоректенуі, паразит фаунасы мен аурулары зерттелді (В.Н. Доброхотов, М.Дайырбаев, Ә.Бәйімбетов, Х.Қ. Есмұқанов, т.б.). Қазақстан территориясын ихтиогеографиялық тұрғыдан сипаттап, кейбір балық түрінің денесінен жерсіндіруге байланысты пайда болатын морфологиялық ерекшеліктер табылды (В.П. Митрофанов, т.б.). Республика өзен-көлдерінде биол. өнімдер қалыптасуының заңдылықтары, балық өсіру технологиясы іздестірілуде, балық фаунасы жөніндегі мәліметтер жүйеге келтіріліп, қорытылуда.
Республикамыздағы Ихтиологиялық зерттеулердің нәтижелері республикалық ғылым-зерттеу институттарының, Қазақстан Ұлттық ҚазҰУ-дің ғылым еңбектерінде, ТМД және көптеген шет ел журналдарында басылды. 5 томдық “Қазақстан балықтары” (1986 – 92); “Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы” (1999); И.В. Митрофанов, Бәйімбетов, Мур Джылы Майклдің “Словарь названий рыб Казахстана” (лат., ағылш., рус., каз., 1999); К.Ө. Күленов, С.К. Күленованың, “Балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі” (1980),
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер