Кавендиш лабораториясы – Кембридж университетінің (Ұлыбритания) жанындағы физикалық зерттеулер жүргізетін ғылыми мекеме. Ол 1871 жылы ағылшын физигі және химигі Г.Кавендиштің (1731 – 1810) туысы герцог Девонширскийдің қаражатына ұйымдастырылып, Кавендиштің есімімен аталған. Алғашқыда ол тәжірибе жүргізуші физиктерді дайындау үшін оқу базасы ретінде пайдаланылып, кейінірек (әсіресе, Дж. Дж. Томсон (1856 – 1940) мен Э.Резерфордтың жетекшілік еткен кезінде) ғылым-зерт. жұмыстарын жүргізетін дүние жүзіндегі ең ірі лаб-ға айналды. Лаб-ның жетекшісі ретінде 1871 – 79 жылы ДК. Максвелл, 1879–84 жылы ДжылыУ. Рэлей, 1884 – 1919 жылы Томсон, 1919 – 37 жылы Резерфорд, 1938 – 53 жылы У.Л. Брэгг, 1954 – 71 жылы Н.Ф. Мотт, т.б. қызмет атқарды. Кавендиш лабораториясында әр түрлі кезеңде мынадай мәселелер зерттелді: газдағы , ядролық физика, кристаллография, рентген-құрылымдық талдау, молек. биология, радиоастрономия. Сондай-ақ, онда электрон (1897), ядроның жасанды ыдырауы (1919), нейтрон (1932) ашылып, ДНҚ-ның құрылымдық моделі ұсынылды (1953), Вильсон камерасы (1912), масспектрограф (1913), сызықты үдеткіш (1932), т.б. жасалды. Резерфорд, Ч.Т.Р. Вильсон, Дж. С.Э. Таунсенд, О.У. Ричардсон, М.Л.Э. Олифант, Ф.У. Астон, П.М.С. Блэкетт, Дж. Чедвик, Дж. Д. Кокрафт, Дж. Д. Бернал, П.Ланжевен, П.Л. Капица, Ф.Крик, Джылы Уотсон, т.б. аса ірі физиктер осы Кавендиш лабораториясында маманданып шықты.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер