Каледон қатпарлығы – (Caledonіa – Шотландияның лат. атауынан шыққан) – кембрий, ордовик, силур кезеңдерінде пайда болған ірі қатпарлану, тау құру, интрузиялар кептелу процестерінің жинағы. Кей аймақтарда Каледон қаласына төм. және орта девон дәуірлерінің тектоник. қозғалыстарын да қосады. Терминді ғылымға франц. геологы М. Бертран 1887 жылы енгізді. Каледон қатпарлығы төм. (ордовиктің соңы) тектоник. – магмалық дәуірлерге бөлінеді. Каледон межесінде көне платформалар мен мұхит ойыстарынан басқа жер бетінің барлық аймақтарында геосинклинальдың теңіз-аралдық жай үстем болды. Каледон қатпарлығыдүмпуі нәтижесінде геосинклинальдық дамуын анықтап, тұрақты таулы өлкелерге айналған аудандарды каледонидтер деп атайды. Оларға Солтүстік , Солтүстік және Шығасыр Гренландия, , , Наньшань, , Шығасыр Австралия геосинклинальдары жатады. Каледонидтер көне платформаларды қоршап, мығымдалған жер қыртысының аумағын ұлғайтты. Олармен қатар Каледон қатпарлығы өлкелері басқа жас геосинклиналь белдеулерінде де нығайып көтерілді. Орталық Қазақстан (Көкшетау, Ұлытау, Шыңғыс тауы), Солтүстік Тянь-Шань, Солтүстік Жер аралдары, т.б. Каледон қатпарлығы Кордильера, , , Орал, Орталық Тянь-Шань тауларында да байқалады. Бірақ кейіннен өткен герцин, альпі қатпарлықтарының жаңғырту әсерінен оларды жеке бөліп көрсету қиын. Каледон қатпарлығы кемелге жетпей, толық аяқталмай келесі герцин дәуірімен ұштасты. Каледон қатпарлығы көне таулар болғандықтан жатаған келеді.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер