Камбоджа Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Камбоджаның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган — Камбоджа Футбол Федерациясы.
Камбоджа Ұлттық футбол құрамасы | |||
Конфедерация | АФК | ||
---|---|---|---|
Федерация |
| ||
Бас бапкері | |||
Үздік бомбардир | Хок Сочетра (64) | ||
ФИФА рейтингі | 173 ▲ (+1) (22 қазан 2020) | ||
| |||
Камбоджа 11 — 0 Солт. Йемен | |||
Индонезия 10 — 0 Камбоджа | |||
Тарихы
1953 жылы ФИФА-ға, 1957 жылы АФК-ға мүше болды. 1970-75 жылдар аралығында Кхмер Республикасы деп аталды. Әзірше әлем чемпионатының финалдық турниріне қатыспаған.
Азия кубогының финалдық кезеңіне бір рет, 1972 жылы Тайландта өткен турнирге Кхмер Ұлттық құрамасы деген атаумен қатысып, 4-орын алды. Топтық турнирді Оңтүстік Кореядан 1:4 есебімен ойсырай ұтылып бастағанымен, келесі турда Кувейтті 4:0 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Ираннан ұтылды, 1:2. Үшінші орын үшін ойында Тайландпен аяусыз айқасып, 2:2 есебімен тең түсті. Пенальтилер сериясында ұтылуға мәжбүр болды (3:5).
Стадионы
Өз алаңындағы матчтарын Пномпеньдегі сыйымдылығы 50 000 адамдың Ұлттық Олимпиада стадионында өткізеді. Стадионның іргесі 1963 жылы қаланған. Алғаш өткізілген ірі турнир — 1963 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары.
ФИФА рейтингінде
Азиядағы аутсайдер құрамалардың бірі. ФИФА рейтингісінде 198-ші орынға дейін түсіп кеткен кездері болған. Ең жоғарғы көрсеткіші — 135-ші орын (2011 жылы). 2018 жылғы мамыр айындағы есептеулер бойынша 170 орында тұр.
Сілтемелер
- ФИФА сайтындағы профилі 7 желтоқсанның 2013 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер