Карналлит(неміс инженері Р.Карналлдің есімімен аталған) – тобына жататын минерал. Химиялық формуласы KMg·Cl3·6H2O.
Ромбылық сингонияда кристалданады. Сингониясы — ромбылық, кристалдары күбі пішінді, қалың такта тәрізді, агрегаттары түйірлі Таза карналлит түссіз, қоспаларына қарай түсі қызыл қоңырға дейін өзгереді. Қаттылығы 2,5; меншікті салмағы 1,6 г/см3. Өте ылғал тартқыш, суда еріп жай тұздарға ажырайды, ащы дәмі бар. Карналлит көбінесе үлкен тұз шөгінділерінде шоғырланады. Ол Батыс Қазақстандағы тұз кендерінде, Ресейде, АҚШ-та, т.б. жерлерде кездеседі. Карналлиттен калий тыңайтқыштары және K, Mg, Br алынады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
- “Қазақ Энциклопедиясы”
Сыртқы сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер