Каспий құбыр желісі консорциумы– құбыр төсейтін халықаралық ірі кәсіпорын.
Қазақстанның Теңіз және басқа мұнай кеніштерінен Қара теңіз жағалауындағы қаласына дейін шикі мұнай тасымалдау үшін мұнай құбырын салу мақсатымен 1992 жылы Ресей, Қазақстан және Оман мемлекеттерінің компаниялары құрды.
1996 жылы желтоқсанда консорциумның құрылымын өзгерту туралы келісімге қол қойылды, ол бойынша консорциум капиталының 50%-ы дүние жүзінің мұнай өндіруші алғашқы он ірі компаниясының құрамына кіретін халықаралық компаниялардың қолына көшті. 2002 жылы консорциумға қатысушылардан Ресейдің үлесіне 24%, Қазақстанға 19%, Оманға 7% тиесілі. Консорциум акцияларының қалған жартысын мына компаниялар бөліскен: . (АҚШ) – 15%, . – 7,5%, – 1,75%, (Ресей-АҚШ бірлескен кәсіпорны) – 12,5%, (Ресей-Ұлыбритания бірлескен кәсіпорны) – 7,5%, (Италия) – 2%, (Британия) – 2%, – 1,75%.
Құрылысы 1999 жылы 12 мамырда Теңіз кенішінен басталып, 2001 жылы 22 қарашада терминалында (Новороссийскіге жақын) мұнай құбырының ашылу рәсімі болды. Құбыр желісі жобасының жалпы құны 4,5 млрд. АҚШ доллары, іске асырылу мерзімі – 40 жыл, яки 2 жыл салынады, 38 жыл игеріледі. Мұнай құбырының ұзындығы 1850 км, ең жоғары өткізу қабілеті – жылына 67 млн. т мұнай. Алғашқы кезегінің өткізу қабілеті – жылына 28 млн. т-дан астам.
Консорциумның 2001 жылға арналған бюджеті 650 млн. доллар көлемінде болды.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер