- Каторга (грекше katergon – галера; итальянша galera – құлдар, соғыс тұтқындары және жазаға тартылғандар ескекші болатын көне әскери кеме), каторгалық жұмыстар – қылмыскерлерді ауыр қара жұмысқа салып жазалаудың айрықша түрі.
- Басбұзарлық және саяси қылмыстар жасағандарды бас бостандығынан айыру ерекше қатаң режимде, ауыр қол жұмыстарына жегумен бірге жүргізіледі. “Каторга” термині әуелде орта ғасырларда, тұтқынға түскендерге галера (кеме) ескегін естіруге байланысты пайда болды.
Ресей империясында
1691 жылы кейбір қылмыс түрі үшін кесілген өлім жазасын ауыр жұмыстар істеуге айдау мен алмастыру жайында патша жарлығы шықты. Каторгаға кесілгендер еңбегі қалалар, порттар, каналдар, жолдар, кеніштер, зауыттар салуға пайдаланыла бастады. 1765 жылы дворяндар басыбайлы шаруаларын Каторгаға айдау құқына ие болды. 19 ғасырда қазақ жеріндегі Ресей империясы әкімдері де өздеріне ұнамағандарды Каторгалық жазаға әкімшілік жолмен кесіп жібере беретін болды. Қазақ халқының жадында бұл жаза түрі итжеккен, қатырға ұғымдары түрінде сақталған. 20 ғасырдың басында Ресей империясында – , , централы; Елек, Тобыл, Харьков губернияларында – және ;Семей губерниясында – Өскемен; – тұз зауыты, , тағы басқа Каторгалық жаза орындары болды. Каторга 1917 жылғы наурызда жойылды. Кеңес өкіметі кезінде тұтқындар еңбегін ауыр жұмыстарда пайдалану үшін айрықша лагерьлер жүйесі құрылды;
Дереккөздер:
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IV том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |