Квалиа (ағылш. qualia) — сана философиясында зерделік тәжірибенің жеке-дара елестері (сана үлгілері) ретінде қолданылатын термин. Квалиа термині лат. quālis сын есімі сөзінің көпше (qualia) түрінен шыққан болып, мәлім арнаулы мысалға қатысты "қандай үлгі", "қандай түр" секілді мағыналарды береді, мысалы, "мына бір алманың дәмі қандай" деген секілді. Мұндағы мәлім бір алманы адам жеген кездегі адамға сезілген дәмінің адам миындағы үлгісі, не елесі - оның квалиасы деген сөз.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODRMemc0TDFObFpXbHVaMTl5WldRdWFuQm5Mek13TUhCNExWTmxaV2x1WjE5eVpXUXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWlMMkl5TDBsdWRtVnlkR1ZrWDNGMVlXeHBZVjl2Wmw5amIyeHZkWEpmYzNSeVlYZGlaWEp5ZVM1cWNHY3ZNalV3Y0hndFNXNTJaWEowWldSZmNYVmhiR2xoWDI5bVgyTnZiRzkxY2w5emRISmhkMkpsY25KNUxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Квалиа мысалдары ретінде бас аурудан қалыптасқан, адамның өзіне аңғарылатын мәлім "ауырсыну" сезімі, шараптың "дәмі", сондай-ақ кешкі аспанның қызарып "көрінуі" секілділерді айтуға болады. Сезімнің сапалық белгісі ретінде квалиа әдетте "" қарама-қайшы болып келеді, өйткені ұстаныдық көзқарас тікелей бастан өткеру мен бастан кешіруге емес, түрлі тәжірибе туралы адам нанымдары бойынша қалыптасады. Бұл тұрғыда квалиа шындықтың санадағы тіке ізі болса, ал ұстанымдық көзқарас нану негізіндегі перспективаның туындысы; мысалы "Ол жеңемін деп ойлады" деген сөйлем ұстанымдық көзқарасқа қатысты айтылған, әркез оның миындағы квалианы білдірмейді.
Дереккөздер
- Kriegel Uriah Current Controversies In Philosophy of Mind — New York, NY: Taylor & Francis, 2014. — P. 201. — .
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер