Кекештік, тұтығу (лат. balbutіes) – сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіру. Кекештіктің жедел (эволюциялық) және созылмалы () түрлері ажыратылады. Жедел түрінде – кекештік біртіндеп дамиды. Әдетте, 2 – 5 жас аралығындағы балаларда (көбіне ер балаларда) кездеседі. Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесі орнықтылығын төмендеуін туғызатын факторлардың (тұқым қуалаушылық немесе жүре пайда болған ашушаңдық, ызақорлық, т.б.) салдары үлкен. Сондай-ақ, баланы тәрбиелеуші адамның тілінің мүкістігі, баланың туған-туыстарының тез сөйлеуі, баланы қалыптан тыс көп оқыту, т.б. кекештіктің пайда болуына әкеледі. Созылмалы түрі – қатты шошынудан, әр түрлі жарақаттардың әсерінен орт. жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан, отбасындағы келіспеушілік жағдайлардың салдарынан пайда болады. Мұндай балаларда сөз сөйлегенде бірте-бірте тілдің дірілдеп, қалтырауы, сіресуі байқалады. Сөйтіп, баланың мінезінде өзгеріс (ашуланшақтық, әлсіздік) пайда бола бастайды. Кейде неврозға ұқсас кекештікті байқауға болады. Мұндай кезде баланың қозғалысы баяулап, денесінің сіресіп қатып қалуы жиі қайталанады. Мінезінде селқостық пайда болады. Бірақ сөйлеу алдында оларда қорқыныш болмайды. Мұндай балалардың жүйке жүйесін тексергенде, онда күрделі өзгерістердің бар екендігі анық байқалады. Баланың сөйлеу кезінде тұтығуына байланысты кекештіктің ерте басталатын жеңіл формасы – дыбыс немесе буынды бірнеше рет қайталауы (па – па – па – паровоз), ауыр формасы – сөйлегенде сөздің басында не аяғында тұтығуы (авт----обус) және аралас формасы ажыратылады. Кейде тілі кешігіп шыққан балалар да кекештенеді. Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе қорқақтау, ұялшақ, көңілсіз болады. Өзінің бойындағы кемшілікке еркінен тыс қолын ербеңдетіп әрекет жасауы, бет-әлпетінің, денесінің оғаш қимылы қосылады. Сөйлегенде беті қызарып, терлеп кетеді, бір сөзді бірнеше рет қайталауы мүмкін (мыс., “керек болса”, “міне осындай”, т.б.). 11 – 13 жаста қиын сөздерден қашып, кезінде басқа бір сөзді қосып жіберу арқылы кемістігін байқатпауға тырысады. Бірақ, бұлай істеудің де зиянды жағы бар. Қосымша сөз қосып сөйлеу әдетке айналып кетсе, бала өмір бойы таза сөйлей алмай қалуы мүмкін. 25 – 30 жасқа келгенде, әдетте, кекештік басыла бастайды, ал жасы ұлғайған адамда өте сирек кездеседі. Баланың тілінде білінісімен дәрігер- көріну керек. Кекештікті дәрі-дәрмекпен (), физиотерапиямен және психотерапиямен емдейді.
Дереккөздер:
- Қазақ энциклопедиясы
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер