Кескіш құрал (Режущий инструмент) — материалдарды жоңқа түсіру арқылы өңдеуге арналған құрал; жұмысшы кесуші белгілі бір геометриялық фигура түрінде болып келген, ал қаттылығы өңделетін материал қаттылығынан жоғары болған материалмен жабдықталған немесе қатты материалдан жасалған қалпақшасы және тұлғасы бар кесуші кұрал.
- Кесілетін жерге ыстық газбен оттек жіберетін металдарды кесуге арналған құрал;
- Кесу бөлігінің белгілі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekl6TDAxcGJHeHBibWREZFhSMFpYSkRZWEppYVdSbFZHbHdjR1ZrUm1GalpVMXBiR3d0U1U1VU5EQXVhbkJuTHpFd01IQjRMVTFwYkd4cGJtZERkWFIwWlhKRFlYSmlhV1JsVkdsd2NHVmtSbUZqWlUxcGJHd3RTVTVVTkRBdWFuQm4uanBn.jpg)
Түрлері
- Автомат кескіш (Автоматный резец) — білдек автоматгар мен жартылай автоматтардағы жұмыстарға арналған кескіш.
- Алмасты кескіш (Алмазный резец) — алмас үгіндісімен немесе алмас кристалдарымен жабдықталған кескіш.
- Бұранда кескіш (Резьбовой резец) — бүранда кесуге арналған кескіш.
- Дөңгелек кескіш (Круглый резец) — ұшында кесу бөлігі бар сұлбалы пішінді дискі түріндегі кескіш.
- Кеңейжонғы кескіш (Расточный резец) — тесіктерді өндеуге арналған кескіш.
- Иілген кескіш (Изогнутый резец) — өзек өсіне қатысты вертикаль жазықтықта иілген бастиегі бар кескіш.
- Қатты қорытпалы кескіш (Твердосплавный резец) — қатты қорытпамен жабдықталған кескіш.
- Қиғыш кескіш (Отрезной резец) — материал қиюға арналған кескіш.
- Қашаулы кескіш (Долбежный резец) — қашау білдектеріндегі жұмыстарға арналған кескіш.
- Металқышты кескіш (Минералокерамический резец) — металқышты тілімшемен жабдықталған кескіш.
- Минералқышты кескіш (Минералокерамический резец) — минералқышты тілімшемен жабдықталған кескіш.
- Қиықжиекті кескіш (Фасонный резец) — сыртқы жоне ішкі бетгердің түпбүйірінен қиықжиектер алуға арналған кескіш.
- Қоспаланған кескіш Легированный резец) — қоспаланған болаттан жасалған немесе қоспаланған болатты тілімшемен жабдықталған кескіш.
- Өтпелі кескіш (Проходной резец) — айналу денесі түріндегі тетіктердің сыртқы беттерін ендеуге арналған кескіш.
- Призмалы кескіш (Призматический резец) — ұшында кесу бөлігі бар призма түріндегі кескіш.
- Пісірілген кескіш (Сварной резец) — бастиегі өзекке пісірумен бекітілген кескіш.
- Радиалды кескіш (Радиальный резец) — осі тетіктің айналу осіне перпендикуляр орналасқан кескіш(мысалы, сұлбалы кескіш).
- Радиусты кескіш (Радиусный резец) — радиусты сыртқы немесе ішкі беттерді өндеуге арналған кескіш.
- Сұлбалы кескіш (Фасонный резец) — кесу бөлігі тетіктің қажет сұлбалы бетінің дәлмедәл кескіні болып табылатын кескіш.
- Сүргелей кескіш (Строгальный резец) — сүргілеу білдектеріндегі жұмыстарға арналған кескіш.
- Тазалай кескіш (Чистовой резец) — тазалай өндеуге арналған кескіш.
- Тангенциалды кескіш (Тангенциальный резец) — өнделетін бетке осі жанама орналасқан кескіш.
- Тарақты бұрандакескіштік кескіш (Гребенчатый резьбовой резец) — білдек ұстағышьшда бекітілген тарақ түріндегі кесу бөлігі бар кескіш.
- Тезкесуші кескіш (Быстрорежущий резец) — тезкескіш болаттан жасалған немесе тезкескіш болатты тілімшелермен жабдықталған кескіш.
- Терең тесіктерге арналған кенейжоғы кескіш (Расточный резец для глубоких отверстий) — ұзындығы диаметрлердің 10 шамасынан артық тесіктерді өндеуге арналған кескіш.
- Тостағанды кескіш (Чашечный резец) — өсі жонылатын дайындаманың осіне перпендикулярлы жазықтықта орналасқан дөңгелек тостаған түріндегі кескіш.
- Тұтас кескіш (Цельный резец) — өзегі кесу бөлігімен бірге жасалған кескіш.
- Тілімдейтін кескіш (Подрезной резец) — түпбүйір беттерді өндеуге арналған кескіш.
Кескіш тұтқасы
Кескіш тұтқасы –– станок супортының бекітіп орнатуға арналған бөлігі.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер