Кеңес Нұрланов (1962 жылы 1 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1996). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.
Кеңес Нұрланов | |||
Жалпы мағлұмат | |||
---|---|---|---|
Туған күні | |||
Туған жері | |||
Азаматтығы | |||
Мамандығы | кино және театр актері | ||
Белсенді жылдары | 1983 жыл - осы уақыт | ||
Бағыты | |||
Марапаттары |
|
Толығырақ
- Кеңес Нұрланов 1962 жылы 1 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
- 1969 - 1979 жылдары Ақтоғай совхозының орта мектебін бітірген.
- 1979 - 1983 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және драма актері» мамандығы бойынша КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекованың классын бітірген.
- 1983 - 1993 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
- 1993 - 2007 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
- 2007 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері.
Сахнадағы негізгі рөлдері
М. Әуезов «Айман-Шолпан» – қортық шал, «Қарагөз» – Нарша, «Еңлік-Кебекте» – Кебек, «Абай» – Әбдірахман, Керім, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Қозы, Қодар, «Ақан сері-Ақтоқты» – Балта, М. Мақатаев «Қош махаббат» – Қасым, Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» – Ганефельд, С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Бүркіт, Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейнесі» – Құмар, Қ. Гоцци «Турандот ханшайым» – Калаф, С. Торайғыров «Қамар сұлу» – Ахмет, Ш. Айтматов «Ақ кеме» – Момын шал, Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» – Құдайменде, О. Бөкей «Құлыным менің» – Қаражан, М. Шаханов «Көкейтесті» – Шоқан, Э. Хушвақтов «Қызыл алма» – Оразбай, А. Цагарели «Гамарджоба» – Акоп, Қ. Жүнісов «Махаббат мелодрамасы» – Әмір, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Амадей, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Диего, Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – Асқар, У. Шекспир «Гамлет» – Полоний, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Байсейітов «Қыздар-ай» – Әбдіқадыр, Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» – молда, Қ. Жиенбай «Таңғажайып планета» – Уәли, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’арк» – Архиепископ, Д. Рамазан «Абылай ханның арманы» – Князь уван ураков, Р. Отарбаев «Көлеңкесіз жолаушы» – шеф, С. Мұқанов, Ш. Уәлиханов «Шоқан» – Мұса Шорманов, т.б. көптеген рөлдері бар.
Марапаттары
- 1996 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері.
- 2006 жылы Ерен еңбегі үшін медалі
- 2012 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
- «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер