Ким Вильфорт (дат. Kim Vilfort; 15 қараша 1962 жыл, , Копенгаген) — даниялық футболшы, шабуылшы, 1992 жылғы Еуропа чемпионы.
Ким Вильфорт | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||
Туған жері | , Копенгаген, Дания | |||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||
Позиция | жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Клуб | карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
1992 жылғы чемпионатқа Дания Югославияның орнына қатысты.
Ким Вильфорт чемпионат күндері ракпен ауырып жатқан қызының халін білу үшін чемпионатты тастап үйіне ұшып барып та келген-ді. Қызы науқастан тәуір бола қоймаса да Вильфорт Швецияға қайта келіп матчтарға қатысып жүрді. Финалдық матчта Вильфорт та, өзге даниялықтар да өліспей беріспеді. Олардың қарсыластары Германия еді. Азулы немістердің де бұларға тісі батпады. 19-минутта даниялықтар есеп ашқаннан кейін (голды Йон Йенсен соқты) тізгінді немістер толығымен қолдарына алғанымен, даниялықтардың қақпасын дәл көздеу оларға мұң болды. Ал ойынның 79-минутында Ким Вильфорт айып алаңының сыртынан Бодо Иллгнер қорғаған қақпаны дәл көздеп, чемпионаттың тағдырын шешкен голды соқты — 2:0!. Бұл — Еуропа Чемпионаттарының финалдық турнирлер тарихындағы 200-ші гол еді.
Дания құрамасы Еуропа Чемпионы атанды. Арада бір ай өткен соң Ким Вильфорттың қызы науқастан қайтыс болды...
Жетістіктері
Командалық
«Брондбю»
- Дания чемпионы (7): 1987, 1988, 1990, 1991, 1995/96, 1996/97, 1997/98
- Дания кубогы (3): 1989, 1994, 1998
Халықаралық
Дания
- Еуропа чемпионы — 1992
Жеке
- Данияның үздік футболшысы — 1991
Дереккөздер
- http://www.bkfrem.dk/default.asp?id=19&spillerid=313&todo=arkiv 7 маусымның 2012 жылы.
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер