Киностудия (кино және итал. studіo – үйрену, дәрісхана) – көркем шығармашылық және өндірістік-техникалық қызметтерді ұштастыра отырып, кинофильмдер шығаратын кәсіпорын. Түсірілетін кинотуындылар сипатына қарай олар көркем фильм, , және мультипликациялық фильмдер шығаратын Киностудиялар болып бөлінеді. Кейде бір Киностудияның өзінде (мыс.,Қазақфильмде”) көркем фильм де, басқа да фильмдер де түсіріледі. Өндірістің негізгі саласының бірі – фильм түсіру тобы. Фильм түсіру кезінде құрылатын бұл топта режиссерлер, операторлар, , , дыбыс операторлары, әр түрлі маман иелері қызмет атқарады. Бұған қоса сценарий, көркемдеу-техникалық құрылым бөлімі, фильм түсіретін аппарат, дыбыс техникасы, құрамды түсірім, монтаж және кинотаспалар өңдейтін цехтардың мамандары еңбек етеді. Көркем фильмдер Киностудиясы мен деректі фильмдер Киностудиясының құрылымында, жабдықталуында айырмашылық бар. Деректі фильмдер Киностудиясы киноға түсіру процесін сыртта, дерек алынатын жерлерде жүргізеді. Өзге Киностудиялардың құрылымы көркем фильмдер Киностудиясына ұқсас. Киностудиялар телевизия студиясының тапсыруымен телевизиялық фильмдер де түсіреді.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер