Кларнет (нем. klarіnette, фр. clarіnette, лат. clarus – ашық) – көп тілді үрмелі музыкалық аспап. Кларнет немесе (қара) ағашынан және пластмассадан (эбонит, т.б.) жасалады. Ол сыбызғының негізінде 17 ғасырдың аяғында пайда болды, ал оның жетілдіруі – ойықтарының санын көбейту, тіл механизмінің құрылымын жақсарту, т.б. әлі күнге дейін жалғасуда. Ұзындығы 590 – 680 мм, оның шамамен 20 тілі, 7 ойығы болады. Қазіргі оркестрлерде, негізінен, си-бемоль, ля бұрауындағы Кларнеттер пайдаланылады. Кларнеттің диапазоны кіші октаваның ми нотасынан 3-октаваның до нотасына дейін болады. Кларнет жеке орындаудағы және ансамбльдік аспап ретінде қолданылады, симфониялық және үрмелі аспаптар оркестрлерінің құрамына кіреді. Кларнеттің бірнеше түрлері бар (кіші Кларнет, альт немесе тенор-бассетгорн Кларнет, бас Кларнет, контрабас Кларнет). Қазақ ұлттық консерваториясында және музыкалық колледждер мен мектептерде Кларнет класы жұмыс істейді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTlqTDJObEwwTnNZWEpwYm1WMGRHVXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер