Эттли Клемент Ричард (3.1. 1883, , Лондон – 8.10. 1967, Лондон) – ағылшын саяси қайраткері, Ұлыбританияның премьер-министрі (1945 – 51). 1908 ж. Тәуелсіз жұмысшы партиясына мүше болды.
1922 – 55 ж. лейбористік партия атынан қауымдар палатасының мүшесі болып, үкіметтің құрамына енгізілді. 1930 – 31 ж. Ланкастер герцогтығының канцлері, байланыс министрі (1931) болды. 1935 – 55 ж. Лейбористік партияның жетекшісі болып сайланып, 1942 – 45 ж. премьер-министрдің орынбасары, доминиондар істері жөніндегі министр және У.Черчилль бастаған Коалиц. үкімет Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1945 ж. шілдеде өткен парламент сайлауында лейбористік партия жеңіске жетіп, 1945 – 51 ж. Эттли үкіметті басқарды, әрі 1945 – 46 ж. қорғаныс министрі болды. Этрус тіліүкіметі Потсдам конференциясына (1945) қатысты, Англия банкісін, темір жолды, азаматтық авиацияны, байланысты, көмір, болат балқыту өнеркәсібін, өнеркәсіптің, т.б. салаларын мемлекет қарамағына алды, елдегі әлеум. қамсыздандыруды, оқу-ағарту және денсаулық сақтау жүйесін жақсартты. Сыртқы саясатта Этрус тіліүкіметі 1947 ж. Үндістан мен Пәкістанға, 1948 ж. Бирмаға тәуелсіздік берді, КСРО-ның ықпалын тежеуге тырысты, Маршалл жоспарын жүзеге асыруға, Солтүстік Атлант шарты ұйымын (НАТО) құруға белсене қатысты. 1955 ж. Этрус тіліге Ұлыбританияның ақсүйектік атағы (граф) берілді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Clement Attlee |
Дереккөздер
<references>
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , X том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер